Метка: Алматы-2

  • Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында ірі оқиға болды: пойызда бірден 52 адам көміртек оксидінен уланды. Зардап шеккендердің арасында он бала бар, екеуі  реанимацияда.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлық науқас қалалық стационарларға жеткізіліп, тексеруден өтті.

    «Госпитализацияланған пациенттердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады басқарма.

    “ҚТЖ” компаниясы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді: аталған пойыз жеке компанияға тиесілі болып, түсірілім жұмыстары үшін киностудияға уақытша берілген.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

  • Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқаруына қайтарылды.

    Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқаруына қайтарылды.

    2025 жылдың 16 шілдесінен бастап нысандар ресми түрде КТЖ-ның сенімді басқаруына берілді. Ұлттық компания екі вокзалға да жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Алматы-1 вокзалы күрделі жөндеуден өтсе, тарихи-мәдени ескерткіш саналатын Алматы-2 вокзалы заңнама талаптарына сай қайта қалпына келтірілмек. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    КТЖ мәліметінше, жобалар ғимараттардың пайдалану мерзімін ұзартуға және олардың техникалық жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін қазіргі заман талабына сәйкестендіруге бағытталған. Жөндеу жұмыстарының нақты мерзімі әзірге белгіленген жоқ. Жұмыс көлемі мен түрлері мемлекеттік сараптама қорытындысынан кейін бекітіледі.