Метка: Алматы әуежайы

  • Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды

    Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды

    Алматы халықаралық әуежайында ер адам өзін өртемек болған оқиға тіркелді. Полицейлер жедел әрекет етіп, жалынды сөндіріп үлгерді.

    Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның үстіне жанармай құйып, от қойған сәті көрінеді. Оқиға орнында жүрген тәртіп сақшылары оны дереу сөндіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

    Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Ішкі істер органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі қайтадан сотқа жіберілді

    Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі қайтадан сотқа жіберілді

    Алматы әуежайында әйел адамды кепілге алған ер адамға қатысты қылмыстық іс қайтадан сотқа жолданды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

    Еске салсақ, оқиға 2024 жылдың 18 қыркүйегінде болған. Ер адам әуежай ғимаратында әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытқан. Полицияның шұғыл әрекетімен әйел аман-есен босатылып, күдікті ұсталған болатын.

    Бұған дейін қылмыстық іс сотқа берілгенімен, процессуалдық заңбұзушылықтарға байланысты іс прокуратураға қайтарылған еді. Қайта тергеу жұмыстары аяқталып, енді іс екінші мәрте сотқа жолданды.

    Күдіктіге «Кепілге алу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Іс бойынша сот процесі алдағы уақытта өтеді.

  • Алматыда автобустар әуежай аумағына кіретін болады

    Алматыда автобустар әуежай аумағына кіретін болады

    Аудан тұрғыны қоғамдық көліктердің әуежай аумағына кірмей, жолаушыларды әуе айлағының сыртында қалдырып кететініне шағымданды. Ерболат Досаев әуежай автотұрағындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл сұрақ шешілетінін айтты.

    «Онда ішкі терминал алдында жаңа тұрақ алаңдары салынып жатыр, жұмыстар кемінде күзге дейін жүреді. Ол аяқталған соң, №92 бағыттағы автобус әуежайдың ішіне кіріп, жолаушыларды сонда қалдыратын болады», – деді қала әкімі.

    Еске салайық, бұған дейін 1 сәуірден бастап Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында сыртқы сумен жабдықтау және өрт сөндіру желілерін жаңарту жұмыстары басталғанын жазғанбыз.

    Қазіргі уақытта ішкі терминал алдындағы автотұрақ аумағында жер жұмыстары жүріп жатыр. Бұл осы алаңдағы қозғалысты уақытша қиындатады. Жұмыстар 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жоспарланып отыр.

  • «Алматы су» қаланың әуежайын жөндеген инвесторға 122 млн теңге заңсыз айыппұл салған

    «Алматы су» қаланың әуежайын жөндеген инвесторға 122 млн теңге заңсыз айыппұл салған

    Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» мекемесі әуежайға халықаралық терминал салып, әуежайды жөндеген «TAV Қазақстан» компаниясына 122 млн теңге көлемінде негізсіз айыппұл салған.

    Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 85 млрд теңге болған, жобаны іске асыру 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

    «Алайда Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» 122 млн теңге көлемінде айыппұл және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қосымша төлемдер жазған», — деп хабарлайды Алматының прокуратурасы.

    Түрксіб ауданының прокуратурасы осы негізгіз айыппұл мен қосымша төлемдердің күшін жойды.

  • Әуежайда кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған ер адам кім?

    Әуежайда кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған ер адам кім?

    Алматы әуежайында қарулы адамды залалсыздандырған ер адамның кім екені белгілі болды. 

    Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған – 1973 жылы туған Мұса Әбдірайым есімді азамат.

    Ашуға мінген ер адам тексеру қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Куәгерлер абдырап қалған сәтте, 52 жастағы Мұса Әбдірайым жағдайды өз қолына алды. Бұрын спортпен айналысқан ол тай боксы және жекпе-жектің басқа түрлерін меңгерген екен.

    «Мен жай ғана танысымды шығарып салып тұрдым. Қызға шабуыл жасағанын көрдім. Өзім үшін емес, тек қыз үшін қорықтым», – деді ол.

    Әбдірайым бірден өзін кепілге алуды ұсынып, артынша шабуылдаушыға қарсы шығып, оның қолындағы пышақты тартып алып, жерге құлатқан. Шабуылдан қорқып қалған қыз өзін құтқарып қалған азаматқа   алғыс айтты.

    «Полицейлер де қоңырау шалып, алғыстарын білдіріп жатыр. Телефоным тынымсыз шырылдап жатыр», – дейді ол.

    Әбдірайым мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтып, барлығының аман қалғанына қуанышты екенін жеткізді.

  • Алматы әуежайында ер адамның қарулы шабуылына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Алматы әуежайында ер адамның қарулы шабуылына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Ер адамның қауіпсіздік қызметкеріне асхана пышағымен шабуыл жасауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    «7 наурызда Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру аймағына жақындаған кезде тексеруші инспектордың шашынан ұстап алып, асхана пышағымен қорқытқан ер адамды ұстады. Полицейлер әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен оны шығарып салушы азаматтың көмегімен құқық бұзушыны залалсыздандырып, полиция бөлмесіне алып кетті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

    Тергеу барысында Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

  • Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

    Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

    Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады.

    Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

    «2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды», – деп хабарлады әуежайдан.