Метка: Алматы — Бишкек

  • Алматы – Бішкек тасжолында болған жол апатынан шетелдік студенттер қаза тапты

    Алматы – Бішкек тасжолында болған жол апатынан шетелдік студенттер қаза тапты

    Алматы – Бішкек тасжолында 6 қаңтар күні адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан көлік аударылған, деп хабарлайды Sona.kz 24 KZ-ке сілтеме жасап.

    Оқиға орнында жүргізуші қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды. Әртүрлі жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

    Автокөлікте Үндістан азаматтары Шымкент қаласындағы медициналық академияның студенттері және турист болғаны анықталды. Олар Шымкенттен Алматы қаласына бет алған.

    Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

  • Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Алматы облысы полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты автоматты бақылау жүйесінің енгізілгені туралы хабарлайды. Видеокамералар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, жылдамдықты тек камера орнатылған жерлерде емес, ұзын жол учаскелерінде де анықтай алады, деп хабарлайды Sona.kz облыстық ПД сілтеме жасап.

    Жүйе бақылау пункттері арасындағы уақытты салыстыру принципі бойынша жұмыс істейді. Егер көлік белгіленген уақыттан жылдамырақ жүрсе, жылдамдық режимін бұзу фактісі тіркеледі.

    Полиция мәліметі бойынша, жүйені енгізу жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттардың алдын алу, жолдағы жарақаттар мен өлім-жітімдерді азайту мақсатында жүргізілуде.

    Жақын арада осындай бақылау жүйелері елдің басқа трассаларында кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді абай болуға, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

  • Алматы-Бішкек тас жолында жеті адам қаза тапты

    Алматы-Бішкек тас жолында жеті адам қаза тапты

    Қайғылы оқиға халықаралық маңызы бар автожолдың 129-шақырымында түн жарымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Honda Odissei жүргізушісі көлікті басқара алмай, алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан, деп хабарлайды  Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі соққының күшті болғанын, салонда болғандардың ешқайсысы аман қалмағанын мәлімдеді. Жеті адам оның ішінде жүргізуші де бар. Оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер жол апатының нақты қалай болғанын анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр: көліктердің техникалық жағдайы, ауа райы, қозғалыс жылдамдығы және басқа да ықтимал себептер тексерілуде.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда, әсіресе түнгі уақытта, сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады.