Метка: Алматы метросы

  • «Қалқаман» метро бекетінің құрылысына тағы 28 млрд теңге бөлінеді

    «Қалқаман» метро бекетінің құрылысына тағы 28 млрд теңге бөлінеді

    Қала билігі жаңа бекет 2026 жылдың қаңтарына дейін аяқталады деп уәде берді. Биылғы жылы бұл құрылысқа 28 млрд теңге бөлінебекші.

    Метро құрылысы бойынша жоба 2020 жылы басталған болатын, бірақ кейінірек бірнеше түзетулер енгізілді. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аралық туннельдердің ұзындығы 1,98 км құрайды. Ал бекеттің өзі Абай даңғылының бойында, Әшімов көшесінің батысында орналасады.

    «Станция платформасының ұзындығы 98 метрге жетеді, оған іргелес аумақ абаттандырылады, оның ішінде 380 автокөлік пен 28 автобус тұрақтары қарастырылған. Жобаның бас мердігері BCN-Group (бұрынғы Bazis construction) компаниясы болып табылады», – делінген хабарламада.

    2024 жылы жобаға қаржыландыру жетпей қалған еді. Қазіргі уақытта жұмысшылар жаңа станция үшін котлован қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    «Ағымдағы жылға 28 млрд теңге бөлу қарастырылған. Ерболат Досаев сапар барысында мердігерге ағымдағы жылға бөлінген қаржыны толықтай игеру мінщдетін қойды», – деп хабарлады әкімдік.

    BCN group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович аумақта 150 маман 50 ден астам арнайы техника үш ауысыммен істеп жатыр деп сендірді. Нысан 2026 жылдың қаңтарында, жоспарланған мерзімде аяқталатынын мәлім етті.

    Айта кетейік, метро құрылысы 3 жылға жетпей аяқталуы керек еді. Бірақ жобаға қажетті қаражат дұрыс бөлінбеген.

    ■ 2020 жылы республикалық бюджеттен 190,2 млн теңге бөлінген
    ■ 2021 жылы – 600 млн теңге
    ■ 2022 жылы – 0 теңге
    ■ 2023 жылы – 9,2 млрд теңге
    ■ 2024 жылы – 2,67 млрд теңге
    ■ 2025 жылы – 28 млрд теңге
    ■ 2026 жылы – белгісіз

    Бекет құрылысына жауапты «Базис-А» компаниясы осыған дейін қаржы республикалық бюджеттен қаржыландыруылуы керек деп мәлімдеген болатын. Алайда бөліну керек ақша кешігіп жатқанын хабарлады.

  • Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қанша қаражат керек?

    Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қанша қаражат керек?

    Алматыдағы ОКҚ брифингі барысында қала әкімі Ерболат Досаев журналистердің метро желілерін қаржыландыру және салу үшін қытайлық компанияларды тарту мүмкіндігі туралы сұрақтарына жауап берді.

    – Қаланың көлік инфрақұрылымын құру және соның арқасында экологиялық жағдайды жақсарту біз үшін аса маңызды басымдық. Негізінде метро, LRT және БRТ сияқты жоғары жылдамдықты қоғамдық көлікті дамыту көзделген. Үкіметпен бірлесіп, біз батыс бағытта — «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін 5,3 км және шығыс бағытта — «Жібек жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейін 14 км жаңа метро желілерін салу үшін мемлекеттік кепілдікпен қаражат алу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз, – деп жауап берді Ерболат Досаев.

    Мегаполис әкімі қазір мемлекеттік кепілдіктер алу үшін құқықтық негіз дайындалып жатқанын атап өтті. Мәселен, жаңа бюджет кодексінде қарызды қаржыландыру және оны республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу көзделген. Бұл түзетулер Парламент Сенатында.

    – Біз қазір түрлі халықаралық қаржы институттарымен ең тиімді шарттарды алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, мүмкін бұл ұйымдардың консорциумы болар. Осыдан кейін конкурстық шарттарда мердігер таңдалады. Заманауи технологиялар тезірек құруға мүмкіндік береді, сондықтан біз нормативтік мерзімдерді сақтай алатын серіктестерді таңдаймыз. Біз құрылысты екі жақта қатар бастауды жоспарлап отырмыз. Мысалы, «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларының құрылысы жоспарланған 3,5 жылдан 7 жылға дейін 2 есеге созылды. «Қалқаман» станциясы бойынша 1,9 км метро желісінің құрылысы 2020 жылдан бастап 4 жыл бойы жүргізілуде. Оны 2026 жылы аяқтаймыз, – деді ол.

  • Алматы метросында зағип жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады

    Алматы метросында зағип жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады

    Алматы метросында жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлады Buzyq телеграм каналы. 

    Қайғылы оқиғаның кадрларынан  жігіттің қолындағы таяғымен пойыздың сыртын түртіп, есігін таппай жүргенін көруге болады. Ол пойыздың ашық тұрған жерін есік деп ойлап, рельске түсіп кеткен. Сол сәтте көмектеспек болған басқа жолаушы үлгермей қалған.

    Оқыс оқиға 10 желтоқсанда «Абай» станциясында болған. Көзі нашар көретін 26 жастағы ер адам рельске құлап, мерт болды. Алматы полициясы аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

  • Алматыда «Абай» метро станциясында ер адам рельске құлап кетті

    Алматыда «Абай» метро станциясында ер адам рельске құлап кетті

    Алматы метросында адам өліміне әкелген қайғылы оқиға орын алды. 26 жастағы жігіт метро пойызының релсіне құлап кетіп, қайтыс болды. Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

    Алматы қаласының Полиция департаменті осы факт бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның көзі нашар көретіні белгілі болды. Басқа мән-жайлар анықталуда.

  • Алматыда метро басшылығы кәсіпкерлермен заңсыз келісім жасаған

    Алматыда метро басшылығы кәсіпкерлермен заңсыз келісім жасаған

    Алматыда метро басшылығы кәсіпкерлермен заңсыз келісім жасаған. Көлік прокуратурасы «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқығына нұқсан келтіретін заңбұзушылықтарды анықтады.

    Метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүрлеген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлемдерін жабу бөлігіндегі заңсыз талаптар келісімдерден алынып тасталды, ал кәсіпкерлерге 12,5 млн теңге қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

    Заңсыз әрекеттерден барлығы 11 кәсіпкер зардап шеккені белігі болды.

  • Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертеді

    Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертеді

    Бүгін метро әкімшілігі мәлімдеме жасап, 20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс бунағын ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

    Осыған орай, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден бастайды,  – деп хабарлады «Метрополитені» ШЖҚ МКК.

    Әкімшілік уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.