Метка: Алматы облысы полиция департаменті

  • Шерзат Болатты өлтірді делінген күдіктілер туған күн тойлаған ба? – Алматы полиция департаменті

    Шерзат Болатты өлтірді делінген күдіктілер туған күн тойлаған ба? – Алматы полиция департаменті

    Кеше Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген делінді.

    Oplus_131072

    Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығы Мейрам Әбікеев түсініктеме берді.

    «Уақытша ұстау изоляторынан бір тұтқынның туған күнін атап өтуі бейнеленген видеоның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде.

    Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

    Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды», – деді.

  • Алматы облысының полицейлері ірі көлемде алаяқтық қылмыстарды әшкереледі

    Алматы облысының полицейлері ірі көлемде алаяқтық қылмыстарды әшкереледі

    Құқық қорғау органдары жәбірленушілерге 46 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуде.

    – Бұрын автокөлік сатып алумен және сатумен айналысқан күдікті бұл қызметін тоқтатып, қаржылық қиындықтарға тап болған соң, алаяқтық схемасын ойлап тапқан. Ол таныстарына автокөліктерді қайта сату немесе қызмет көрсетуге қатысты тиімді ұсыныстар айтып жүгінген. Сенімділік таныту үшін автокөліктер көрсетіліп, әртүрлі мәселелерді, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу жалған мүмкіндіктері айтылған. Алынған қаражатты күдікті өзіне иемденіп, өз мойнына алған міндеттемелерді орындауды ойламаған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

    Қазіргі уақытта полицияға төрт жәбірленуші жүгінген, жалпы залал 46 миллион теңгеден асқан. Күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде.

    Құқық қорғау органдары ақша берер алдында ақпаратты тексерудің маңыздылығын еске салып, азаматтарды бейтаныс адамдармен келісімдер жасауда сақ болуға шақырады.

  • Алматы облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты

    Алматы облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты

    Алматы облысында облыстық патрульдік полиция батальонының қызметтік инспекторы, полиция аға лейтенанты Шалқар Байжомартов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты.

    Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 22 желтоқсан күні полицейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткенін мәлімдеді. Шалқар Байжомартов ішкі істер министрінің бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

    Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. Toyota Camry 35 көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай, патрульдік полиция қызметкерін қаққан. Жүргізуші инерциямен полиция көлігіне де соқтығысқан.

    «Ішкі істер министрлігі мен Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы марқұмның жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адалдығы мен үлесін әріптестері мен тұрғындардың жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті. Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз»,– делінген хабарламада.