Метка: Алматы қалалық Полиция департаменті

  • Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы тұншықтырған

    Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы тұншықтырған

    Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиеші 4 жасар баланы тұншықтарып, ұрып-соққан.

    Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған. Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

    «Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

    Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.

  • Алматыда 20 жастағы спортшыны пышақтап кеткен

    Алматыда 20 жастағы спортшыны пышақтап кеткен

    Желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын жазған. Ал 2GIS картасындағы пікірлерде жол бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені жазылған.

    Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады

    «Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді», – делінген хабарламада.

  • Алматыда қарауыл көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды

    Алматыда қарауыл көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды

    Алматыда қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

    ПД мәліметінше, ол ұрлық жасағаны үшін ұсталған.

    «Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысы аумағында іздеуде жүрген, қарауыл көлігінен қашып кеткен К.Е.Аубакри есімді азаматты ұстады. Қазір қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

    Айта кетейік, 4 желтоқсан күні бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталған сотталушы қарауыл жасағы қызметтік көлігінен қашып кеткен.