Метка: Алматы қаласы әкімі

  • Алматыда 10 916 нысанға сейсмикалық аудит жүргізілді

    Алматыда 10 916 нысанға сейсмикалық аудит жүргізілді

    Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, алматылықтардың қауіпсіздігі – негізгі басымдықтардың бірі.

    – Ең маңызды міндет – сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. Бүгінгі күнге дейін 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілді. Оның 1 641 көппәтерлі тұрғын үй, 9 275 – азаматтық нысан. Осы жылдың 17 қазанда «Mass Alert» халықты хабардар ететін жүйені пайдалана отырып, қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді, – деді әкім .

    Сонымен қатар табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлер тазартылды. Бұдан бөлек, 6 мореналды көлде профилактикалық жұмыстар жүргізілді және Есентай өзенінің арнасы нығайтылды. Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылатын болады.

    Осыған дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Шоқбаров Алматыда қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алатыны туралы айтқан еді.

  • Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қанша қаражат керек?

    Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қанша қаражат керек?

    Алматыдағы ОКҚ брифингі барысында қала әкімі Ерболат Досаев журналистердің метро желілерін қаржыландыру және салу үшін қытайлық компанияларды тарту мүмкіндігі туралы сұрақтарына жауап берді.

    – Қаланың көлік инфрақұрылымын құру және соның арқасында экологиялық жағдайды жақсарту біз үшін аса маңызды басымдық. Негізінде метро, LRT және БRТ сияқты жоғары жылдамдықты қоғамдық көлікті дамыту көзделген. Үкіметпен бірлесіп, біз батыс бағытта — «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін 5,3 км және шығыс бағытта — «Жібек жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейін 14 км жаңа метро желілерін салу үшін мемлекеттік кепілдікпен қаражат алу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз, – деп жауап берді Ерболат Досаев.

    Мегаполис әкімі қазір мемлекеттік кепілдіктер алу үшін құқықтық негіз дайындалып жатқанын атап өтті. Мәселен, жаңа бюджет кодексінде қарызды қаржыландыру және оны республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу көзделген. Бұл түзетулер Парламент Сенатында.

    – Біз қазір түрлі халықаралық қаржы институттарымен ең тиімді шарттарды алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, мүмкін бұл ұйымдардың консорциумы болар. Осыдан кейін конкурстық шарттарда мердігер таңдалады. Заманауи технологиялар тезірек құруға мүмкіндік береді, сондықтан біз нормативтік мерзімдерді сақтай алатын серіктестерді таңдаймыз. Біз құрылысты екі жақта қатар бастауды жоспарлап отырмыз. Мысалы, «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларының құрылысы жоспарланған 3,5 жылдан 7 жылға дейін 2 есеге созылды. «Қалқаман» станциясы бойынша 1,9 км метро желісінің құрылысы 2020 жылдан бастап 4 жыл бойы жүргізілуде. Оны 2026 жылы аяқтаймыз, – деді ол.