Метка: алтын

  • Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

    Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

    Ресей билігі 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғалардың алтын алып шығуына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл талаптар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да қатысты болады, деп хабарлайды Sona.kz Nege.Aqsha-ға сілтеме жасап.

    Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғаларға салмағы 100 грамнан асатын алтын құймаларын Ресей аумағынан тыс жерге әкетуге тыйым салынады. Бұл шектеу ЕАЭО шеңберіндегі тасымалға да қолданылады.

    Белгіленген лимиттен асатын алтынды тек арнайы халықаралық әуежайлар арқылы және Ресейдің пробирлік палатасының рұқсатымен ғана алып шығуға болады.

    Ресей тарапы бұл шаралар заңсыз капитал шығарумен күрес аясында енгізіліп жатқанын атап өтеді. Ведомство өкілдерінің пікірінше, алтын құймалары бейресми қаржы тасымалдау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

    Осы уақытқа дейін жеке тұлғаларға алтынды алып шығуға қатысты мұндай шектеулер болмаған, оның ішінде ЕАЭО аясында да еркін тасымалдауға мүмкіндік болған.

    Жаңа талаптар күшіне енген жағдайда, жеке азаматтардың Ресейден алтын әкету мүмкіндігі айтарлықтай шектелмек.

    Қазіргі уақытта шектеулерді іске асыру тәртібі мен рұқсат етілген әуежайлардың нақты тізімі жарияланған жоқ.

  • Абай облысында заңсыз алтын өндіру фактілері тоқтатылды

    Абай облысында заңсыз алтын өндіру фактілері тоқтатылды

    Жарма ауданы бойынша арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы алтын және басқа пайдалы қазбаларды рұқсатсыз іздеген бес адамды анықтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Құқық бұзушылардан заңсыз әрекеттерге пайдаланылған металл іздеушілер тәркіленді. Сот оларды ӘҚБтК-ның 463-бабы бойынша кінәлі деп танып, 41 286 теңге көлемінде айыппұл салды. Жабдық мемлекет кірісіне алынған.

    Абай облысының прокуратурасы заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

  • Қазақстандықтар қанша алтын құймасын сатып алды?

    Қазақстандықтар қанша алтын құймасын сатып алды?

    Ұлттық банк 2017 жылы өлшенген алтын құймаларды халыққа сату және қайтадан сатып алу бағдарламасын іске қосқан болатын.

    — 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сай, Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер мен банкке жатпайтын айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 6,8 тонна өлшенген құйма сатты, — делінген хабарламада.

    Аффинирленген, яғни өлшенген алтын құймалар салмағына қарай бес түрге бөлінеді: 5 грамм, 10 грамм, 20 грамм, 50 грамм және 100 грамдық.

    Құймалардың бәрінде бағалы металдың құрамы – 99,99%, соған сай сынамасы – 999,9.

    Ұлттық банк өлшенген құймаларды екінші деңгейлі банктер (Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank пен Банк ЦентрКредит) және банкке жатпайтын кейбір айырбастау пунктері арқылы сатады. Сату және қайта сатып алу тәртібі банктер және айырбастау пункттерімен жасалған шарт арқылы реттеледі.

  • Қазақстан алтын қорын көбейткен 10 елдің қатарына енді

    Қазақстан алтын қорын көбейткен 10 елдің қатарына енді

    Қазақстан алтын қорын көбейткен 10 елдің қатарына енді. Кейінгі 10 жылда алтын сатып алуды арттырған елдердің тізімі жарияланды. Көш басында Ресей тұр. Ресей тұр. Көрші ел 1298 тонна алтын сатып алған. Қытай да алтын қорын біршама арттырған: 1181 тонна алтын сатып алыпты. Үшінші орында – Түркия. Бұл елдің алтын қоры 424 тонна алтынға толыққан.
    Бұдан бөлек Польша, Үндістан, Өзбекстан, Қазақстан, Сингапур, Ирак және Таиланд тұр.

    Алтын қорын көбейткен елдер:
    ( 2013 — 2023 жж.)

    1. Ресей – 1298 тонна
    2. Қытай – 1181 тонна
    3. Түркия – 424 тонна
    4. Польша – 256 тонна
    5. Үндістан – 246 тонна
    6. Өзбекстан – 154 тонна
    7. Қазақстан – 151 тонна
    8. Сингапур – 103 тонна
    9. Ирак – 100 тонна
    10. Таиланд – 92 тонна.