Метка: Анасын өлтірген

  • Өз анасын өлтірген шымкенттік жазадан босатылды

    Өз анасын өлтірген шымкенттік жазадан босатылды

    Шымкентте анасын аса қатыгездікпен өлтірген 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

    Шымкент қалалық сотының мәліметіне қарасақ, айыпталушы психикалық аурумен ауырған. Ол 54 жастағы мүгедек анасын ұйықтап жатқан кезде бірнеше жеріне пышақ сұғып өлтірді.

    Ресми деректерге қарасақ, 2025 жылдың қаңтар айында психикалық аурумен ауыратын сотталушы анасының бала кезінде ұрысқаны және нағашыларының қолына қалдырып кеткені есіне түсіп, кек алмақ болған. Ұйықтап жатқан жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұғып, оны қасақана өлтірген.

    Айыпталушының өзі сотқа қатысқан жоқ. Қазір Алматыдағы арнайы мекемеде ем алып жатыр.

    Марқұмның туыстарының айтуынша, үйдегілердің бәрі Дархан Жолдыбаевтан қорқатын. Ол – психиатриялық ауруханада тіркеуде тұрған, бірнеше рет медициналық көмек алған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам.

    Сот-психиатриялық сараптамасы Жолдыбаевтың шизофрениямен ауыратынын анықтады. Алайда марқұмның туыстары оның шын мәнінде ауыр дертке шалдықпағанын, түрмеден құтылу үшін медициналық құжаттарды пайдаланып жүргенін айтып отыр.

    Прокурор оны кісі өлтірді деп танып, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеуге жіберуді талап етті.

    Судья Әбінұр Қарабаевтың түсіндіруінше, іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы шараларды қолдану тәртібімен қаралды.

    Ақыры сот Жолдыбаевты кісі өлтірді деп таныды, алайда оны түрмеге қамауға шешім шығармады. Айыпталушыға арнайы психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеу шарасы тағайындалды.

    Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

  • Жамбыл облысында өз анасын өлтірген қылмыскерге үкім шықты

    Жамбыл облысында өз анасын өлтірген қылмыскерге үкім шықты

     2024 жылдың қыркүйегінде сотталған қылмыскер мас күйінде жанжал кезінде анасының кеудесіне пышақ салған. Анасы алған жарақатынан сол жерде дан тапсырған.

    Сотта ер адам өлтіру пиғылы болмағанын айтып, кінәні ішінара мойындады. Қылмысын жазатайым оқиға деп атады. Жәбірленуші ретінде сөйлеген ағасы жаза шешімін соттың қарауына қалдырды.

    Сот ішінара кінәні мойындағанын, істеген ісіне өкінгенін, бұрынғы соттылығының жоқтығын жеңілдететін жағдайлар деп тапты. Мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау ауырлатады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

    Бірінші сатыдағы сот ер адамды 13 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған адам жазаны жеңілдетуді сұрап шағым түсірді, бірақ сот үкімді негізді және заңды деп тауып, өзгеріссіз қалдырды.

    Шешім заңды күшіне енді.