Метка: Анатолий Балушкин

  • «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    Ол «Азия Авто – БИПЭК Авто» атынан 66 млрд теңге несие алып, қаржыны жымқырған. 3,9 млрд теңгені жасыру үшін жалған сыйақы рәсімдеген.

    Компания мемлекеттен салықтық жеңілдік алғанымен, зауыт ашу секілді міндеттерін орындамаған. Шығын көлемі – 173 млрд теңге. Сот Балушкинге 9 жыл, оның сыбайласына 8 жыл 6 ай жаза тағайындады. Екеуіне де 10 жылға басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

  • «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сырттай үкім шықты

    «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сырттай үкім шықты

    Өскеменде «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот үкімі сырттай шығарылды.

    Сот Анатолий Балушкинді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

    Компанияның тағы бір бұрынғы жетекшісі Ерік Сағымбаевқа ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») және 245-бабы 3-бөлігі («Салық төлеуден жалтару, ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе аса ірі көлемде») бойынша айып тағылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

    Сот үкімі сырттай шығарылды, себебі «Азия Авто» компаниясының бұрынғы жетекшілері – қазіргі Ресей азаматтары – халықаралық іздеуде.

    Еске салайық, 17 наурызда Өскеменде олигарх Балушкиннің қол астында істеген алты адамға үкім шыққан болатын.

    2021 жылдың қазан айында аталған компанияның 8 қызметкері қамауға алынған еді. Тергеу барысында, күдіктілердің туыстары олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар табылған жоқ деп мәлім еткен. Сол кезде компанияның топ-менеджерлері Өскеменге кеңеске шақырылған, бірақ қайтып оралмай, сол күні қамауға алынған. Дәл осы уақытта «Азия Авто Қазақстан» компаниясының басшысы Антон Ненахов өлі күйінде табылғаны хабарланды. Бұл оқиға бойынша «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.