«Туу туралы куәлігімде тегім — Ихсанов деп жазылған. Кейін жеке куәлік алар кезде фамилиямдағы “-ов” жалғауын және әкемнің атынан “-вич”-ті алып тастап, орнына Аяпбергенұлы деп жаздырдым. Бұл шешіміме Бауыржан Момышұлының ерлігі түрткі болды. Ол кісіге марапат кезінде “Момышев” деп шақырғанда, “Мен Момышев емеспін, Момышұлы деп шақырсаңдар ғана шығамын” деп бас тартқаны белгілі», — деді ол.
⠀
Ильханның айтуынша, бұл бастаманы кезінде мектептегі бірнеше сыныптасы да қолдап, олар да өз тектерін қазақы нұсқаға ауыстырған.
Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі наша шегіп, масаң күйде болғаны анықталған.
Тергеу барысында «Тойота» автокөлігінің иесі Арман Сейітжаппар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғаны белгілі болған.
«Сот шешімімен екі азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


