Метка: апат

  • МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

    МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

    Бейнероликте  МХҚКО автодромдарында түсірілген нақты кадрлар. Шымкентте емтихан тапсырушы маневр жасау кезінде көлікті аударып алды, ал Алматыда бір үміткер көлігін басқа көлікке соқты – бұл қаңтар айында Алматыдағы екінші жағдай болып отыр, деп хабарлайды Sona.kz gov4.kz-ке сілтеме жасап.

    Жалпы, мамандандырылған орталықтардағы емтихан алаңдарында жыл басынан бері 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қатысушылардың ішінде бес әйел және бір ер адам бар. Кандидаттар жол белгілерін немесе қоршауларды соғу, жол жиегінен шығу сияқты қателіктерге жол берген. Айта кетейік, 2025 жылы мұндай оқиғалар саны 64 болған.

    Мемлекеттік корпорация болашақ жүргізушілерге автомектепте оқуға жауапкершілікпен қарауды, жол ережелерін жан-жақты меңгеруді және жүргізуші куәлігін заңды әрі адал жолмен алуды ескертеді.

  • Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Алматыда қоғамдық автобус жүргізушісі телефонына назар аударып, жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті. Оқиға Алмалы ауданындағы Төле би даңғылында болған, деп хабарлайды Sona.kz.

    2007 жылы туған қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

    Полиция мәліметінше, автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚК бойынша іс қозғалды.

    «Әрбір жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс. Оның бір сәт көңіл бөлмеуі адам өміріне қауіп төндіреді», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаев.

    Полиция қыстың қиын жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

  • Үндістандық ұшақ Дубайдағы авиашоуда құлады

    Үндістандық ұшақ Дубайдағы авиашоуда құлады

    HAL Tejas атты үндістандық жеңіл жекпе-жек ұшағы Dubai Airshow кезінде демонстрациялық ұшу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайдыSona.kz Associated Pressөке сілтеме жасап.

    Апат 14:10 шамасында Al Maktoum International әуежайы маңында орын алған. Куәгерлер ұшақтың құлаған жерінен қара түтін мен дабыл естілгенін айтады.

    Қазіргі уақытта пилоттың катапультировался ма, жарақат алғандар бар ма белгісіз.

    Үндістан үкіметі шоу кезінде Tejas Mk1 ұшағынан майдың ағып жатқаны туралы желідегі дабыраларды жоққа шығарды. Бұл суыған конденсат болуы мүмкін деген түсіндіру берілген.

    Апаттың себептері әлі анықталуда. Тексеру жұмыстары және сараптамалар жүргізіліп жатыр.

  • Қызылордадағы қайғылы апат: күйеуінен айырылып, баласы мүгедек болған әйелге автобус паркі ай сайын өтемақы төлейді

    Қызылордадағы қайғылы апат: күйеуінен айырылып, баласы мүгедек болған әйелге автобус паркі ай сайын өтемақы төлейді

    Қызылордада автобус қатысқан жол апаты отбасының тағдырын өзгертіп жіберді. 2019 жылғы апатта әйелдің жұбайы көз жұмып, кәмелет жасына толмаған ұлы ауыр жарақат алып, II топтағы мүгедектікке шықты, деп хабарлайды Sona.kzNur.kz-ке сілтеме жасап.

    Әйел сотқа жүгініп, балаларын асырау үшін ай сайынғы төлемдерді талап етті. Қызылорда қалалық соты талапты қанағаттандырып, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ін өтемақы төлеуге міндеттеді.

    Сот шешіміне сәйкес, компания әрбір балаға ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш (58 980 теңге) көлемінде төлем жүргізіп отырады. Бұл сома балалар кәмелет жасына жеткенге дейін беріледі.

  • Алматы облысындағы апат: қаза болған үш әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды

    Алматы облысындағы апат: қаза болған үш әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды

    Қорғаныс министрлігі Алматы облысында апатқа ұшыраған EC-145 әскери тікұшағының қаза тапқан экипаж мүшелерінің есімдері мен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    10 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаж командирі – майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың мәйіті табылды. Ол армиялық авиация эскадрильясы командирінің орынбасары, 1-сыныпты ұшқыш, жалпы ұшу уақыты 930 сағат болған.

    11 тамызда борттық техник – 1-сыныпты маман, капитан Бахтияр Сәниоллаұлы Ержігітовтің мәйіті табылды. Оның жалпы ұшу уақыты 300 сағатты құраған.

    12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі – капитан Аман Нұрланұлы Амангелді анықталды. Ол EC-145 тікұшағында 295 сағат ұшқан тәжірибелі ұшқыш болған.

    Министрлік мәліметінше, үшеуі де Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері, кәсіби даярлығы жоғары, әріптестері арасында зор беделге ие болған.

  • Түркістан облысында гидроцикл адамдарды қағып кетті

    Түркістан облысында гидроцикл адамдарды қағып кетті

    Жаға ұстатарлық кадрлар куәгерлердің телефон камерасына түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, жұрт қызу талқылап жатыр.

    Кадрлардан үлкен жылдамдықпен келе жатқан гидроциклдің үрлемелі дивандағы адамдарды қағып кеткенін анық көруге болады. Аталған жайт 8 тамыз күні Шардара су қоймасында орын алған.

    Түркістан облыстық ПД мәліметінше, апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

    «Гидроциклдің жүргізушісі ұсталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ гидроциклді жалға берушілерді жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылдануда», — деп жазды жергілікті ПД.