Метка: аппеляция
-

Хасан Қасымбаев үкімді жеңілдетуді сұрады: іс апелляциялық сотқа түсті
Хасан Қасымбаев пен осы іс бойынша сотталған өзге де тұлғалардың апелляциялық шағымдары Алматы облыстық сотына түсті. Бұл туралы Суд кабинеті порталында жарияланды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Портал мәліметінше, іс материалдары 2026 жылғы 13 қаңтарда судьяның өндірісіне берілген. Осылайша, қорғау тарапы бірінші сатыдағы сот үкімін қайта қарауды көздеп отыр.Бірінші сатыдағы сот үкімі11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты:•адам ұрлау;•қасақана ауыр дене жарақатын келтіру;•бопсалаубаптары бойынша кінәлі деп таныды.Қылмыстар жиынтығы бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеуге үкім етілді.Бұл іс бойынша тағы бес адам сотталған:•Руслан Алиев — 8 жыл;•Сайлау Актанов — 8,5 жыл;•Мадияр Қалымжанов — 9,5 жыл;•Данияр Аскаров — 8 жыл;•Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 22 жыл.Соңғы сөзінде Хасан Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, істің қолдан жасалғанын мәлімдеген. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.Айыптың мән-жайыАйыптау тарапы Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.Тергеу нұсқасына сәйкес, 2021 жылдың жазында Талғар қаласында айыпталушылар аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Алимовты соққыға жығып, Кендала ауылының сырт жағына алып кеткен.Қақтығысқа Алимовтың «Қасымбаев маған бедел емес» деген сөзі себеп болғаны айтылды.Сонымен қатар, іс материалдарында кәсіпкер Арипжан Тажиевтен ақша бопсалау дерегі бар. Айыпталушылар оның дәріханасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін 1 миллион теңге талап еткен.Істің қайта қаралуы2021 жылы бұл іс бойынша үш адам «Бұзақылық» бабы бойынша сотталған. Кейін тергеу қайта жанданып, айыпталушылар саны артты.2024 жылы бес адамға үкім шығарылды. Ал сол жылдың қарашасында іс жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралып, алтыншы айыпталушы ретінде Хасан Қасымбаев іске тартылды. -

Алматыда “Дикий Арманның” ісі бойынша аппеляциялық сот басталды
14 қазан күні Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысты іс бойынша апелляциялық сот отырысы басталды. Фигуранттардың бірі — “Дикий Арман” атанған Арман Жұмагелдиев, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық сотта өтіп жатқан тыңдау жабық режимде ұйымдастырылды — БАҚ өкілдері мен тыңдармандар қатыстырылған жоқ. Апелляциялық шағымдарды сотталғандар, соның ішінде Арман Жұмагелдиевтің өзі де түсірген. Ол үкімнің қайта қаралуын сұрап отыр.
Еске салайық, 2025 жылғы 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевті қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және 24 адамды ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Сонымен қатар, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал ҰҚК-нің 5-басқармасының экс-басшысы Руслан Искаков 15 жыл 6 айға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.
Дикий Арманның ұйымдасқан тобының 13 мүшесіне 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейін жаза тағайындалды. Ал өзге қатысушыларға 1,5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзім берілді. Кейбірі сот залынан босатылды — тергеу абақтысында өткізген уақыты жазасына есептелді.
Апелляциялық сот отырыстары алдағы күндері жалғасады.