Метка: Ақмарал Әлназарова

  • Жедел жәрдем қызметі әкімдіктердің құзыретіне берілуі мүмкін

    Жедел жәрдем қызметі әкімдіктердің құзыретіне берілуі мүмкін

    – Жедел жәрдемге байланысты проблема жоқ емес, бар, осы орайда келесі жылы барлық облыс жергілікті бюджет есебінен тиісті қаражат бөліп, жедел жәрдем көлігі мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Бізде тағы бір ұсыныс бар, жедел жәрдем қызметінің тиісті тарифін белгілеп, жергілікті атқарушы органдарға беру мәселесі қаралуда, – деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте МӘМС жүйесі туралы заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.

    Одан әрі министр жедел жәрдем қызметін өңір әкімдіктерінің құзыретіне берудің себебін атады.

    – Көлік, инфрақұрылым, автокөліктер тұрағы мәселелерін шешу, бригадалардың санын көбейту жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болуы керек. Қаражат бөлу, басқа да мәселелер тез арада шешіледі, – — дейді ол.

    Бұған дейін Ақмарал Әлназарова 2027 жылдан бастап жедел жәрдем қызметі бойынша жаңа норма енгізілетінін мәлімдеген еді.

     

  • Алматы облысында түрмедегі әйелдердің балалары ауруханаға түскен

    Алматы облысында түрмедегі әйелдердің балалары ауруханаға түскен

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысындағы әйелдер колониясында балалардың уланып, ауруханаға түскенін растады.

    Оның айтуынша, оқиға бүгін болған және қазір осы іспен вице-министр шұғылданып жатыр.

    «Иә, бүгін осындай жағдай болғаны рас. 3 бала жансақтау бөлімінде. Олардың аналарын жанына кіргізбеген. Біз мәселеден хабардармыз, вице-министр тиісті жұмыс жүргізіп, мәселені шешкелі жатыр. Егер бүгін әйелдерді балаларының жанына жіберуге дайын болса, біз кіргізе аламыз», — деді ол.

  • Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылордада жаңа босанған әйелдің қан құюдан кейін АИТВ жұқтырғанын растады.

    «Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Тиісті тексерістер жүргізіліп жатыр. Қазір ешкім жауапкершілікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тергеу қорытындысы бойынша тисті шешім қабылданады», –  деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.