Метка: Ақмола облысы

  • Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

    Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

    Ақмола облысының полицейлері ұзақ уақытқа созылған жедел өңдеу шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткі шығаратын ірі подпольелік зертхананың жұмысын тоқтатты. Қылмыстық бизнеспен айналысты деген күдікпен 53 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.

    Тергеу мәліметінше, әкесі өз ұлын қылмыстық іске тартып, оған синтетикалық есірткі дайындау тәсілдерін үйреткен. Тінту шаралары кезінде келесідей заттар табылды:
    200 келі дайын «мефедрон»;
    2 тоннадан астам прекурсорлар (есірткі жасауға қажетті шикізат);
    Реакторлар, шыны колбалар және арнайы құрылғылар.

    Есептеулер бойынша, бұл шамамен 600 мың дозаға тең. Тәркіленген есірткінің «қара базардағы» құны 10 миллион АҚШ долларынан (5 миллиард теңгеден астам) асады. Сонымен қатар, бұл зертханада дайындалған шикізат еліміздің басқа өңірлеріне де жіберіліп отырған.
    Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз дайындау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  • Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

    Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

    Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде кезекті заңсыз іздеушінің қаза тапқаны белгілі болды. Ер адам шахта ішінде өміріне қауіпті жарақат алып, мерт болған. Облыстық Полиция департаменті өлім дерегін растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Orda-ға сілтеме жасап.

    Қазіргі уақытта марқұмның тұлғасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, бұл аталған кеніштегі бірінші қайғылы жағдай емес: жақында «Новая» шахтасының 610 метр тереңдігінен Степногорск тұрғынының денесі табылған болатын.

    Степногорск маңындағы ауыл тұрғындарының айтуынша, кеніштегі күзет қызметі белгілі бір ақы үшін заңсыз алтын қазушыларды шахталарға кедергісіз өткізіп отыр. Бестөбедегі «алтын безгегі» адам өліміне, жемқорлық пен қылмыстық топтардың текетіресіне себеп болып отыр.

  • ІІМ Жібек жолы ауылындағы қанды оқиғаға қатысты тың деректерді жариялады

    ІІМ Жібек жолы ауылындағы қанды оқиғаға қатысты тың деректерді жариялады

    ҚР Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Жібек жолы ауылында орын алған жаппай адам өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың барлығының мәйіті опознаниедан өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, мерт болған төрт адамның барлығы күдіктінің отбасы мүшелері екені анықталды.

    Министрлік осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған ер адамның бұрын сотты болғанын растады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда, алайда тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Оқиға орнында сарапшылар мен жедел-тергеу тобы дәлелдемелер базасын бекіту үшін жұмысын жалғастыруда.

  • Әлеуметтік желідегі «қалыңдық»

    Әлеуметтік желідегі «қалыңдық»

    Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан әйелдің әрекетінен 1,5 млн теңгесінен айырылған ер адамға қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр. Бұл Kazinform мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz.

    Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың тамыз айында 28 жастағы өңір тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әйел адаммен танысқан. Ол өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырып, отбасы сол жақта тұрады деп сендірген.

    Бірнеше кездесуден кейін жұп бірге тұруға шешім қабылдап, Астанада пәтер жалдаған. Ер адам сүйіктісін ата-анасымен таныстырғанымен, әйел түрлі сылтаумен өз туыстарымен таныстыруды кейінге қалдырған. Алайда бұл жайт ер адамға күдік тудырмаған.

    Бір жарым айдан кейін әйел жүкті екенін айтып, ер адам неке қию туралы шешім қабылдаған. Үйлену тойына дайындық барысында шығынды азайту мақсатында олар Косшы қаласына көшкен.

    Зардап шегушінің айтуынша, оның ата-анасы болашақ құдаларға тұрғын үй сатып алу үшін 950 мың теңге берген, сондай-ақ келінге арнап 600 мың теңгеден астам сомаға алтын бұйымдар сатып алған. Осыдан кейін әйел хабарсыз кеткен.

    Кейін оның бұрын тұрмыста болғаны және үш баласы бар екені анықталған. Алданғанын түсінген ер адам полицияға арыз жазған.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жүрген жері анықталып жатыр.

    Полиция азаматтарды әлеуметтік желі арқылы танысу кезінде сақ болуға, аз уақыттан бері ғана таныс адамдарға ақша мен бағалы заттарды бермеуге шақырды.

  • Ақмола облысында 516 бас малды сатып жіберген бақташыға іздеу жарияланды

    Ақмола облысында 516 бас малды сатып жіберген бақташыға іздеу жарияланды

    Ақмола облысында шаруа қожалығының ірі көлемдегі малын заңсыз сатып жіберді деген күдікпен бақташыға іздеу жарияланды. Барлығы 516 бас мал иесінің рұқсатынсыз сатылған, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, Целиноград ауданына қарасты Софиевка ауылындағы шаруа қожалығының заңды иесі қаңтар айының басында құқық қорғау органдарына арызданған.

    Тергеу барысында қожалықтан 48 бас ірі қара, 460 бас ұсақ мал және 8 жылқының сатылып кеткені анықталған. Күдік қожалықта жұмыс істеген 30 жастағы бақташыға түскен.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ол бір жыл бойы фермаға тиесілі малды ауыл тұрғындарына сатып, түскен қаржыны жеке пайдасына жаратқан. Қылмысын жасыру үшін ол ауыл адамдарының малына қожалықтың сары түсті биркаларын тағып отырған. Соның салдарынан жоспарлы мал санау кезінде малдың жоғалып жатқаны бірден байқалмаған.

    Қазіргі уақытта күдіктінің Ақмола облысының аумағынан кетіп қалғаны анықталды. Ол ресми түрде іздеуге алынып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

  • Зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

    Зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

    Бүгінде алаяқтық заманауи қоғам үшін өзекті проблемаға айналды, өйткені күн сайын телефон қоңырауларынан бастап онлайн және офлайн алаяқтыққа дейін жаңа оқиғалар тіркеледі. Кейде тіпті жақын таныстар да алдау әрекеттеріне ұрынады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Мысалы, Сандықтау ауданы сотында ауылдық елді мекендердің бірінде тұратын әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол көршілері мен жергілікті зейнеткерлердің атынан 7 млн теңгеден астам несие рәсімдегені анықталды.

    Тергеу мәліметі бойынша, сотталушы зейнеткерлермен сенім қарым-қатынасына сүйене отырып, оларға әлеуметтік төлемдер мен басқа қызметтерді рәсімдеуге көмектесемін деп алдаған. Құжаттарына, жеке мәліметтеріне және мобильді телефондарына қол жеткізіп, олардың рұқсатынсыз банктен кредиттер рәсімдеген. Ал алынған қаражатты өз мүддесіне жұмсаған, нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық зиян келген.

    Сот нәтижесі бойынша, әйел «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

    Ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура органдары тұрғындармен кездесулер өткізу және мемлекеттік ұйымдармен өзара әрекеттесу арқылы профилактикалық жұмыстарын күшейтуде.

  • Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    Ақмола облысында полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, 11 желтоқсан күні түнгі бір шамасында Көкшетау – Рузаевка тасжолында ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көлік соққысының салдарынан көз жұмған. Жүргізушіні және көлікті анықтау үшін «Ұстау» жоспары жарияланды.

    Іздестіру барысында полицейлер Көкшетаудағы үйлердің бірінің ауласынан жол-көлік оқиғасына тән зақымдары бар «Газель» автокөлігін тапты. Жүргізуші ұсталды.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Ақмола облысында 12 кг-нан астам мефедрон тәркіленді

    Ақмола облысында 12 кг-нан астам мефедрон тәркіленді

    Ақмола облысының наркополициясы Целиноград ауданының 42 жастағы тұрғынынан 12 килограмнан астам синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan — ға сілтеме жасап.

    Полиция деректері бойынша, ер адам заңсыз есірткі саудасымен айналысып, әрекеттерін мұқият жасырған. Тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті есірткінің жасырылған орнын көрсеткен. Полицейлер орман белдеуінен 14 полиэтилен вакуум пакетін тапты, ішіндегі зат ұнтақ тәрізді.

    Сараптама бұл заттың мефедрон екенін растады, жалпы салмағы 12 кг 497 г құрайды.

    Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, ал қосымша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

    Полиция азаматтарды заңсыз есірткі айналымымен байланысты кез келген күдікті әрекеттер туралы 102 нөмірі бойынша хабарлауға шақырады.

  • Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысының Аршалы аудандық ауруханасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні аурухана палатасында жатқан ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

    1973 жылы туған Теміртау тұрғыны 3 қарашада «Қарағанды – Қостанай» пойызынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Диагнозы — транзиторлық ишемиялық шабуыл.

    Полиция мәліметінше, ол бұрыннан психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға байланысты психиатриялық есепте тұрған.

    Кешкі уақытта терезенің әйнегін сындырған науқас сыртқа секіріп кеткен. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жеткізгенімен, өмірін сақтап қала алмады.

    Өлім себебі — ауыр жарақаттар мен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі.

    ? Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Ақмола облысында зейнеткер әйел «Трамадол» сақтағаны үшін ұсталд

    Ақмола облысында зейнеткер әйел «Трамадол» сақтағаны үшін ұсталд

    Ақмола облысының 71 жастағы тұрғыны күштi әсер ететiн «Трамадол» препараты үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sona.kz облыстық Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, әйел дәріні жалған рецепт арқылы дәріханалардан сатып алып отырған. Бұған дейін ол еш жерде есепте тұрмаған. Айтуынша, аталған дәрі бастапқыда онкологиялық аурудан зардап шеккен жұбайына жазылыпты. Кейін өзі аяғын сындырып, ауырсынуды басу үшін «Трамадол» қабылдай бастаған. Уақыт өте келе тәуелділік пайда болған.

    Аталған дерек бойынша ҚК 296-бабының 2-бөлігі («Есірткі заттарын заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, істің барлық мән-жайы анықталуда.

    Сонымен қатар «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында фармацевтикалық қызмет саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Онын аптекада дәрілерді рецептсіз беру фактісі тіркеліп, фармацевтерге әкімшілік хаттама жасалды.

    Операция барысында заңсыз айналымға түсуі мүмкін 7,5 келі есірткі затының жолы кесілді. 92 құты және 90 таблетка күштi әсер ететiн дәрі-дәрмек, 107 таблетка мен ампула рецептуралық препараттар, сондай-ақ 27 тонна күкірт қышқылы тәркіленді.