Метка: Ақмола

  • Аффект пен азап: Ақмолада әйел өзін қорлаған күйеуін өлтірді

    Аффект пен азап: Ақмолада әйел өзін қорлаған күйеуін өлтірді

    Ақмола облысында 63 жастағы әйел өзіне жылдар бойы зорлық-зомбылық көрсеткен азаматтық жұбайын өлтірді, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Сот мәліметінше, ер адам ішімдікке салынып, карта ойнап, әйелін жиі ұрып келген. Кезекті ұрыс кезінде әйел қорқыныш пен ашу үстінде — аффект жағдайында — асүй пышағын алып, күйеуін жарақаттаған. Ер адам ауруханада көп қан жоғалтудан көз жұмды.

    Тергеу органдары істі ҚК 99-бабы бойынша қарағанымен, алқабилер әйелдің қорғану аясында әрекет еткенін мойындап, іс 101-бапқа («аффект жағдайында кісі өлтіру») ауыстырылды.

    Сот айыпталушының жасын, зорлық көргенін және марқұм туыстарының шағым түсірмегенін ескеріп, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
    Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа сәйкес, әйел жазадан толық босатылды.

  • Ақмолада көрші есебінен 1,2 млн теңге несие рәсімдеген алаяқ  ұсталды

    Ақмолада көрші есебінен 1,2 млн теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

    Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, телефонын алып, банк қосымшасы арқылы 1,2 миллион теңге рәсімдеген.

    Қазір бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Полиция азаматтарға жеке деректер мен банк қосымшаларына бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеуді ескертеді.

  • Ақмола облысындағы қайғылы жағдай 19 жастағы қыздарының көз алдында болған

    Ақмола облысындағы қайғылы жағдай 19 жастағы қыздарының көз алдында болған

    Ақмола облысындағы қайғылы жағдай 19 жастағы қыздарының көз алдында болған. Оқиғаның қалай болғанын біздің тілшімізге Арнасай ауылдық округінің әкімі Болатбек Байсағанов мәлім етті. Әкімнің сөзінше, бір отбасының 5 мүшесі суға шомылуға келген. Бірақ, 23 жастағы қыздары суға батып, оған 24 жастағы ағасы көмекке жүгірген. Артынша әкесі мен шешесі барған. Өкінішке орай бірін-бірі құтқармақ болған отбасы суға батып кетті.

    «Әкесі ғана малту біледі екен. Қалғандары білмеген. Бұл қайғылы жағдайдан 19 жастағы қыздары ғана аман қалды. Барлық оқиға оның көз алдында болды. Бір отбасының 4 бірдей мүшесі суға батқан жер Астана су қоймасы деп аталады. Бұл жерге суға түсуге болмайды. Жиі ескерту жасалып, рейд жүргізіледі. Бірақ, халық ескертуді елемейді», — деді Болатбек Байсағанов.

    Астана су қоймасы Астана қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан.

    Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыз күні отбасының 4 бірдей мүшесі суға батып, көз жұмды. Олардың мүрделері табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға шомылуға рұқсат етілмеген жерге түспеуді ескертеді. Бұл адам өмірі үшін қауіпті. Сондықтан, демалыс барысында барынша абай болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

    Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап 122 адам суға батып, көз жұмған. Оның 44-і бала.

  • Ақмола облысында бір отбасының 4 мүшесі суға батып кетті

    Ақмола облысында бір отбасының 4 мүшесі суға батып кетті

    Ақмола облысында бір отбасының 4 мүшесі суға батып кетті. Қазір екі адамның денесін іздеп жатыр. Қайғылы жағдай 5 тамыз күні Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болған.
    Белгілі болғандай, отбасы мүшелері Астанадан келген. Шомылуға болмайтын жерде суға түскен. Бірінші қызы суға бата бастаған. Оған әкесі мен ағасы көмекке барған. Соңында анасы отбасын құтқаруға ұмтылған.

    Қазіргі таңда 1980 жылғы анасы мен 2001 жылғы қыз баланың денесі судан шығарылды. 1977 жылғы әкесі мен 2000 жылғы ұлының денесін құтқарушылар іздестіріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға шомылуға рұқсат етілмеген жерге түспеуді ескертеді. Бұл адам өмірі үшін қауіпті. Сондықтан, демалыс барысында барынша абай болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

  • Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

    Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

    Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Министрліктің мәліметінше, 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған.

    «Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», — делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ТЖМ отбасы мүшелері шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткенін атап өтті.