Метка: АҚШ президенті

  • Трамп пен Путин қашан кездеседі?

    Трамп пен Путин қашан кездеседі?

    АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Reuters. Ол кездесуде америкалық және ресейлік тараптар Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде талқылайтынын мәлім етті.

    Біз бұл соғысты тоқтата аламыз ба, жоқ па соны байқап көреміз, – деді Трамп Air Force One бортында журналистердің сауалына жауап бере отырып.

    АҚШ басшысының сөзінше, бұл – жақсы мүмкіндік.

    Бәлкім, қолымыздан келер, бәлкім, келмейді, бірақ меніңше, біздің өте жақсы мүмкіндігіміз бар, – деп түйіндеді Трамп.

  • Америкалықтардың 70 пайызы Трампқа көңілі толмайды

    Америкалықтардың 70 пайызы Трампқа көңілі толмайды

    АҚШ азаматтарының шамамен 70 пайызы президент Дональд Трамп енгізген тарифтердің азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына әкеледі деп күтуде.

    Бұл туралы Ipsos және Reuters агенттігі жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.

    Сауалнама қорытындысына сәйкес, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тым тұрақсыз деп санайды.

    Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 70%-ы, оның ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы тарифтердің өсуі азық-түлік пен басқа да күнделікті қажеттіліктердің қымбаттауына алып келеді деп есептейді, – деп хабарлайды Reuters.

    Зерттеу 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1,4 мыңнан астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген. Статистикалық қателік 3 пайыздық пунктті құрайды.

  • Трамп 2021 жылы Конгреске шабуылға қатысқан 1,5 мың адамға кешірім берді

    Трамп 2021 жылы Конгреске шабуылға қатысқан 1,5 мың адамға кешірім берді

    АҚШ президенті қызметіне кіріскен Дональд Трамп 2021 жылғы 6 қаңтарда Вашингтондағы Конгресс ғимаратына демонстранттар шабуыл жасағанда наразылыққа қатысқан 1500-ден астам адамға кешірім беріп, жазасын жеңілдетті.

    Олар Джо Байден жеңімпаз деп танылған 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын растауға кедергі жасамақ болған. Бұл – Трамптың президент қызметіне кірісе сала қол қойған алғашқы жарлықтарының бірі.

    Конгреске шабуыл оқиғасына қатысқан Proud Boys және Oath Keepers деп аталатын оңшыл радикал топтарға мүше 14 адамның жазасы жеңілдетілді, олар бүлік шығарды деп сотталған еді. Баспасөздің хабарлауынша, олар жақын арада қамаудан босатылмақ. Трамп кешірім жариялаған басқа сотталған адамдардың көбі құқық қорғау органдары өкілдеріне күш көрсетті я Конгресс аумағына заңсыз басып кірді деп айыпталып, түрмеге жабылған еді. Президент жарлығында «2021 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Капитолийінде немесе оған жақын жерде болған оқиғалар кезінде заң бұзғаны үшін сотталғандардың бәріне толық және сөзсіз кешірім жасау» жөнінде айтылған.

    «Бұл адамдардың бәрі бүгін кешке босатылады деп үміттенемін», – деді президент Трамп тиісті жарлығына қол қойған кезде.

    Төрт жыл бұрын өкілдер палатасының спикері болған Нэнси Пелоси президенттің бұл шешімін «әділет жүйесін қорлау» деп атады.

    Капитолийдегі оқиғадан кейін 1500-ден астам адам қылмыстық жауапқа тартылған, кемінде 1100 адам сотталып, 600-ге жуығы бас еркіндігінен айырылған. Трамп жарлыққа қол қойғанда сол оқиғаға байланысты сотталғандардан аз ғана адам қамауда отырған еді.

  • Трамптың инаугурациясы қашан өтеді?

    Трамптың инаугурациясы қашан өтеді?

    АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланып отыр.

    USA Today-дің жазуынша, АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтары, дүйсенбіде Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді.

    Инаугурацияға дейін және одан кейін басқа да мерекелік іс-шаралар өтеді, соның ішінде инаугурациялық шеру мен би кеші де болады.