Метка: Ақсу ауданы

  • Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

    Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

    Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады.

    Ақсу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТҮИ бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов бұл ақпаратты растады.

    «Облыстық маңызы бар Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы автомобиль жолында орналасқан көпір күннің күрт жылынуы себепті, қар суы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытты тиісті жол қозғалысы шектелді, қалпына келтіру шаралары бойынша мамандар жұмыс істеуде», – деді ол.

    Кейіннен аудандық бөлім басшысы жол қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлім етті.

    –  Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы жол қалпына келтірілді. Қазіргі таңда арнайы белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жол ашық. Құрметті жолаушылар аталған жол учаскесінде жылдамдықтың қатаң сақтауды сұраймыз, – деп ескертті Нұрахметов.

  • Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

    Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

    Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар құрықталды.

    Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшыларына «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен.

    Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр. Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды әрі жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған, – делінген ақпаратта.

    Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, қолға түсті. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Сақшылар заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырылуына маңызды үлес қосты. Олардың жедел жұмысы өңірдің мыңдаған тұрғынына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз ететін газ құбыры құрылысының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді. Құқық қорғау органдары қызметінің арқасында адамдардың үйлеріне жылу мен жайлылық келеді, ал өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба мерзімінде іске асырылады.

  • Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Жетісу облысындағы Ақсу ауданының әкімдігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертіп, ескерту хат жолдапты. Бұл жөнінде журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

    «Страна погрязла в бля&стве» атауымен шыққан мақалаңыз жалған екендігін ескертіп, арыздануға қатысты ешқандай сексуалдық сипаттағы қандайда бір әрекеттің болмағандығы туралы хабарлап, ресми түрде кешірім білдіруді сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда «Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі сотқа жүгінетінін ескертеміз»,- деп әкімдік осындай хабарлама жіберді деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.

    Сондай-ақ, С.Дүйсенова ескерту хаттың суретін де жариялады.

    Ал, журналистің өзі ескерту хатқа жауап ретінде желіде былай деп жауап берді.

    «10 күн өтер-өтпестен Ақсу ауданы әкімі аппаратының экс-жетекшісі, «Аманат» партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен ұсталды. Былыққа баттыңдар, масқара жағдай»,- деп жазды С.Дүйсенова.