Метка: Ардагерлер

  • Санай берсең саусақпен: елде небәрі 111 соғыс ардагері қалды

    Санай берсең саусақпен: елде небәрі 111 соғыс ардагері қалды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ел аумағында небәрі 111 Ұлы Отан соғысының ардагері ғана өмір сүруде. Бұл – тарихтың көзі тірі куәгерлері, соңғы батырлар.

    Жалпы ардагерлер саны – 83 048 адам. Оның ішінде:
    – ҰОС ардагерлері – 111,
    – соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 16 796,
    – өзге елдердегі соғыстарға қатысқандар – 26 553,
    – тыл еңбеккерлері – 39 588.

    Мемлекет тарапынан бұл санаттағы азаматтарға 17 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған. Ардагерлерге ай сайын айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты арнайы жәрдемақы төленеді.
    Мысалы:
    – ҰОС ардагері – 62 912 теңге,
    – тыл еңбеккері – 8 376 теңге алады.

    Жыл өткен сайын батырлардың қатары сиреп барады. Оларды қадірлеу – парыз, ал ұмытпау – борыш.