Түркістан облысының Арыс ауданында мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қылмыс қалай жасалды?
2021 жылдың сәуірінде күдікті жүйеге кооперативте 2470 бас ірі қара және селекциялық жұмыстар үшін 120 асыл тұқымды бұқа бар деген жалған мәлімет енгізген. Соның негізінде бюджеттен 24,7 млн теңге аударылған. Алайда тексеру барысында селекциялық жұмыстардың іс жүзінде тек 18 бұқа мен 450 аналық басқа қатысты жүргізілгені анықталды. Заңсыз алынған сома 20,2 млн теңгені құрады.
Сот шешімі (2026 жылғы 20 ақпан):
Жаза: 4 жылға бас бостандығынан айыру.
Шектеу: 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру.
Шығынды өтеу: Заңсыз алынған барлық қаражат мемлекетке толық қайтарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Метка: Арыс
-

Арыстағы миллиондық афера: Субсидия жымқырған кооператив төрайымы сотталды
-

Арыс горнизонының әскери қызметкері басына оқ атқан
Ефрейтордың жағдайы нашар екені айтылды. Қорғаныс министрлігіне қарасты Шымкент горнизонының баспасөз қызметінің хабаралуынша, әскери қызметкер травамтикалық қарудан жарақат алған.
«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкері травматикалық қарудан басынан жарақат алды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Аудандық ауруханаға жеткізілген әскери қызметкердің жағдайы қазір тұрақты-ауыр деп бағалануда.
«Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы тұрақты-ауыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.