Метка: Асхана

  • Петропавлда гимназия директоры мектеп асханасындағы антисанитария үшін қызметінен босатылды

    Петропавлда гимназия директоры мектеп асханасындағы антисанитария үшін қызметінен босатылды

    Солтүстік Қазақстан облысында Петропавлдағы Абай атындағы гимназияның ата-аналары асхананың жағдайына қатысты шағымданғаннан кейін мектеп асханаларына кең ауқымды тексерулер жүргізілуде. Ата-аналардың айтуынша, асханада санитарлық талаптар сақталмаған, тағам сапасы көңіл көншітпеген, сондай-ақ таракандар байқалған, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасапю

    Облыс әкімдігінің мәліметінше, мектеп директоры бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін қызметінен босатылды. Асхананы жалға алған кәсіпкермен келісімшартты бұзу рәсімі басталды. Жақын күндері мектеп асханасын ұйымдастыру бойынша жаңа конкурс жарияланбақ.

    Әкімнің тапсырмасымен арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ал әр мектепте ата-аналардың қатысуымен бракераждық комиссия жұмыс істейді. Жағдай облыс басшылығының жеке бақылауында.

    Еске салайық, қараша айының соңында Алматыда асханасынан таракандар табылғаннан кейін балабақша жұмысы уақытша тоқтатылған еді. Тәрбиеленушілер өзге мекемелерге орналастырылды.

  • Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылардың тамақтан улануына байланысты санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізуге шешім шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылды.

    Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектептің 12 оқушысына қатысты тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеруде.

    Балалардың улануына байланысты Бейнеу аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілді.

    Бейнеу аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.

    Тергеу шеңберінде басқарма мамандары ҰСО Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктей және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға шығуды жүзеге асырды, сынамалардың нәтижелері жұмыста.

    Уланған амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі, іштің ауыруы, жағдайының қанағаттанарлық екені туралы шағымданды. 9-12 жас аралығындағы жасөспірімдер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

    Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.

  • Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Маңғыстауда оқушылар жаппай тамақтан уланған мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды.

    Еске салайық, өткен аптада Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында №8 жалпы білім беру мектебінің 466 оқушысы тағамнан уланып қалған еді.

    https://sona.kz/kk/mangystawlyq-43-oqwshy-awrwhanadan-shyqty-5278/ 100-ге жуық бала ауруханада емделіп, үйлеріне шықты. Мамандар асханадағы дайын тамақ өнімдерінен, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алған. Нәтижесінде картоп езбесі, құс етінен әзірленген котлет және соус пен компоттан патогенді бактериялар анықталған.

    Ыдыстардан ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ 6 адамның стафилокок жұқтырғаны, ыдыс жуушы әрі оқушыларға ас таратқан қызметкердің дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені белгілі болды. Бұған қоса, 4 қызметкердің медициналық құжаты жалған болып шықты. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.