Метка: әскери шеру

  • Семейдегі емханадан әскерге шақырылушыларды тексеру кезіндегі артық төлем үшін 43,5 млн теңге өндірілді

    Семейдегі емханадан әскерге шақырылушыларды тексеру кезіндегі артық төлем үшін 43,5 млн теңге өндірілді

    Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Семей қаласының емханасынан мемлекет пайдасына 43,5 млн теңге өндіру туралы шешім шығарды. Бұл қаражат 2023–2024 жылдары әскерге шақырылушыларды тексеру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша артық төленген, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Іс материалдарына сәйкес, емхана жалпы сомасы 99 млн теңгеге медициналық тексерулер жүргізуі тиіс болған. Алайда Шығыс өңірінің әскери прокуратурасы жүргізген тексеру барысында нақты тексерілген азаматтар саны техникалық ерекшеліктерде көрсетілген мөлшерден аз екені белгілі болды.

    Медициналық ұйым қарсы талап қойып, келісімшарттардағы әскерге шақырылушылар саны дұрыс көрсетілмегенін айтып, оның кейбір шарттарын жарамсыз деп тануды сұрады. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады.

    Абай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, атқарылған жұмыстар актілері келісімшартта белгіленген көлемнен жоғары сомаға қабылданған. Сонымен қатар емхана көрсеткіштердің әдейі орындалмайтындай етіп енгізілгенін дәлелдей алмады.

    Сот артық төленген қаражатты негізсіз байыту деп танып, оны мемлекет кірісіне қайтаруға шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енді.

  • Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады

    Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады

    Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық шаралары басталады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

    13 наурыздан бастап әскери техниканы тасымалдауға байланысты еліміздің кейбір аймағындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығуы үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеу қойылады, — делінген мәлімдемеде.

    Ведомство сонымен қатар әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкіндігін еске салды.

  • Астанада әскери шеру өткізуге 2,5 млрд теңге бөлінді

    Астанада әскери шеру өткізуге 2,5 млрд теңге бөлінді

    Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеді. Әскери шеруге 2,5 млрд теңге бөлінеді.

    Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Виталий Адамович 7 мамыр күні Астанада әскери шеру өтетінін мәлімдеді. Шеру Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ Елі» монументінің алдында өтеді және үш кезеңнен тұрады.

    «Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімдерден тұратын жаяу әскер саптарының шеруі. Екінші кезең – механикаландырылған колонналардың жүруі, ол да тарихи және заманауи бөлімдерден тұрады. Үшінші кезең – авиацияның әуеде шеруі», – деді Адамович.

    Биылғы шерудің ерекшелігі – Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери формада сап түзеу.

    Қазақ жерінде құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары алғаш рет алаңнан алып өтіледі.

    Музейде сақталған Жеңіс туының көшірмесі Т-34 танкінде көрсетіледі. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы парадтық бөлімі Мәскеуде өтетін парадқа қатысады, ал Минскіге бес адамнан тұратын ту тобы жіберіледі.

    «Әскери парад өткізуге шамамен 2,5 млрд теңге жұмсалады. Бұл шығындар жанармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарларға, әскерді тасымалдауға, әскери киім тігумен байланысты», – деп толықтырды Адамович.