Метка: Асқар Садықов

  • Экс-депутат Асқар Садықов Перуашевқа бірнеше айып тақты

    Экс-депутат Асқар Садықов Перуашевқа бірнеше айып тақты

    Мәжілістің бұрынғы депутаты Асқар Садықов «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевқа арналған видеоүндеу жариялады.

    Ол үндеуде жыныстық бопсалау, этиканы бұзу туралы айыптаулар мен партиядан шығарылуы туралы айтқан.

    «Мені арзанқол манипуляциялар мен лас ойындарыңызға араластырмаңыздар. Бұдан былай үндемей қалмаймын. Мұндай іс-әрекеттер партия көшбасшысының деңгейіне сай емес, Перуашевтің бұған дейін халықты бірнеше рет жаңылдырмақ болғанын ешкім ұмытқан жоқ», — деді экс-депутат.

    Садықовтың сөзінше, партиядан шығарар кезде нақты деректер мен дәйектерге сүйену қажет еді. Халық қалаулысы болған азамат өзінің жұмысынан мін көрмегенін айтады.

    Экс-депутат Азат Перуашевтің өзінің орынбасарын пара алу туралы даудан алшақтату үшін қоғам назарын басқа арнаға бұрып отырғанын алға тартты. Белгілі болғандай, 4 қыркүйекте Қазақстан ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталғанын растады. БАҚ-тың хабарлауынша, онымен бірге «Ақ жол« партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев те ұсталған.

    Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол« партиясының төрағасы Азат Перуашев әнші Dequine-нің әкесі және депутат Асқар Садықовты жыныстық бопсалағаны үшін партиядан шығарды.