Метка: Астана концерт

  • Қазақстандықтар Дженнифер Лопестің концертіне билетті талап алуда

    Қазақстандықтар Дженнифер Лопестің концертіне билетті талап алуда

    Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымы басталмас бұрын ticketon.kz сайты уақытша істен шықты. Билеттер 11 сәуірде сағат 11:00-ден бастап сатылымға шығатыны айтылды.

    Алайда бүгін https://ticketon.kz/ сайтының істен шығып, біраз уақыт ашылмай қалғаны белгілі болды.

    «Сайтқа кірушілердің көптігіне байланысты виртуалды кезек пайдаланылады, бұл веб-сайтты бір уақытта қолданатындар санын шектейді. Осылайша сайтпен оңтайлы жұмыс қамтамасыз етіледі», – деп хабарлады «Тикетон» әкімшілігі.

    Айта кету керек, танымал әншінің елордадағы концертінен бюджетке 400 млн теңге түсетіні белгілі болды.