Метка: Астана қаласы

  • Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

    Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

    Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған елорда тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

    Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды.

    Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды.

    Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді.

    Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.

  • Астанада бір пәтерге тіркеуге болатын адам санына шектеу қойылады

    Астанада бір пәтерге тіркеуге болатын адам санына шектеу қойылады

    Келешекте Астанада «резеңке» пәтерлер болмайды, себебі елордада тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту ұсынылып отыр. Тиісті норма «Кейбір заңнамалық актілерге астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы көзделген.

    Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасы аясында елордадағы көші-қон процесі реттеледі.

    «Әлемдегі ірі қалаларда сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған. Бұл өз кезегінде урбанизацияға әсер етеді. Осы процесс біздің  елімізге де тән. Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынуда, бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына алып келді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматты тіркеген», – деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

    Осы проблеманы шешу үшін пәтерге тіркелетін адам санына шектеу қою ұсынылып отыр.

    «Елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту, яғни мәслихатпен алдағы уақытта бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені белгіленеді. Астана аумағында бір мекенжайда нормативтен артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізіледі.  Бұл ретте, тіркеу нормативтері тұрғын үй иесі мен оның жұбайының жақын туыстарына қолданылмайды», – деді министр.

    Сондай-ақ, тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі.

  • Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты

    Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты

    Оқиғаға қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

    «Осы сәтте Астана қаласы өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан Сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруде. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда», – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, сауда орталығындағы өрт оқшауланған.

    «Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына 2 қабатты қосымша ғимаратта орын алуда. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде», – деп қосты министрлік.

  • Астанада бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

    Астанада бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

    Астаналық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады.

    ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

    – Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысын тексеру жүзеге асырылуда.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

  • Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды

    Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды

    Астанада кейбір дүкендерде бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды. Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Small» және «Spar» желілеріне осындай шектеу енгізді.

    Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қалада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Картоп тапшылығы жоқ деп сендірген басқарманың баспасөз қызметі.

    «Ал, картопты көтерме бағада алып, оны үйдің жанындағы дүкендерде қайта сататын алып-сатарлардың жолын кесу үшін «Small» және «Spar» сауда желілерінде бір адамға 5 келіден артық картоп сатпау туралы уақытша шектеу енді», – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

  • Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды

    Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды

    «Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», — делінген әкімдік хабарламасында.

    Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.

  • LED-экрандағы Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    LED-экрандағы Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    Владимир Путиннің Астанаға сапары күні LED-экранда Украина туының пайда болуына қатысты полиция тергеу бастады. 

    27 қараша күні Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары барысында әлеуметтік желілерде «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туының пайда болғаны туралы бейнематериалдар тарады.

    Желіде бұл жағдайға хакерлердің экран жүйесін бұзуы себеп болды деген болжамдар айтылған болатын. Алайда, «Керуен Медиа» компаниясының өкілдері Ресей туының Украина туының түстеріне «боялуын» кабельдің қысқа тұйықталуымен түсіндірді.

    Ішкі істер министрлігі oқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.

    «Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мүмкін нұсқалар, соның ішінде техникалық ақаулар мен экранның жұмыс істеу процесіне сыртқы заңсыз араласу ықтималдығы қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды», – деп жауап берді   баспасөз қызметі.

    Министрлік оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын және кінәлілер табылған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.