Метка: «Астана – Талдықорған»

  • Көктемде «Астана – Талдықорған» пойыз бағыты іске қосылады

    Көктемде «Астана – Талдықорған» пойыз бағыты іске қосылады

    Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Астана мен Талдықорған қалалары арасында жаңа теміржол қатынасы іске қосылатынын хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Jol Ortalygy-на сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, жаңа маршрут Мəжіліс депутаттарының бастамасымен ұсынылып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылған.

    Пойыздың алғашқы қатынасы сәуір айына жоспарланған және Талдықорған қаласындағы қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының ашылуымен тұспа-тұс келеді.

    Бастапқы кезеңде жолаушылар тасымалы үшін екі вагон қарастырылған. Олар күн ара қатынап, №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында жүреді.

    Вагондар Аягөз емес, Ақтоғай станциясында қайта тіркеліп, одан әрі Талдықорған бағытына жөнелтіледі.

    Көлік министрлігі бұл бағыт өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

    Сондай-ақ ведомство өкілдері жолаушылар ағыны тұрақты болған жағдайда, пойыз құрамын ұлғайту мүмкіндігі қарастырылатынын мәлімдеді.

    Жаңа бағыт елорданы Жетісу өңірімен теміржол арқылы тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді.