Метка: ата-ана

  • Кәмелетке толмағандардың әрекеті үшін ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды

    Кәмелетке толмағандардың әрекеті үшін ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды

    Кәмелетке толмағандардың әрекеті үшін ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.

    Әлеуметтік желіде бірнеше баланың автокөлікке зақым келтіріп жатқан видеосы тарады. Жазбаны блогер Алишер Кашеп Instagram парақшасында жариялаған.

    Кадрларда үш баланың көліктің капотына шығып, алдыңғы әйнегін тепкілеп жатқан сәті түсірілген. Оқиға Астанадағы Қосшығұлұлы көшесіндегі аулалардың бірінде болған.

    Сондай-ақ осы аумақтағы бейнебақылау камералары көліктердің бүлінуінің өзге де деректерін тіркеген.

    Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы балалар анықталған.

    Олардың жасы әкімшілік жауапкершілікке тартуға жетпегендіктен, хаттамалар ата-аналарына қатысты толтырылған.

    Ата-аналарға балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелген.

    Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

  • Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

    Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

    Абай облысында кәмелетке толмаған үш баланың мектепке бармағаны анықталды. Олардың жасы 8 бен 13 аралығында, ал ата-анасы діни көзқарастарына байланысты балаларды білім алудан шектеген, деп хабарлайды Sona.kz ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура тексеріс жүргізіп, балалардың бірнеше жыл бойы білім беру жүйесінен тыс қалғанын анықтады. Қадағалаушы органның араласуынан кейін олардың білім деңгейі бағаланып, барлығы мектепке қабылданды.

    Тексеру нәтижесінде балалардың анасына әкімшілік жаза қолданылды, ал жағдайды уақытында байқамаған білім бөлімінің қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, прокуратура 9 жастағы дамуында кідірісі бар баланың жағдайын анықтады. Оған мүгедектік ресімделмегендіктен, қажетті білім беру қолдауы көрсетілмеген. Қазір бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, содан кейін оқыту формасы белгіленеді.

    Прокуратура өкілдері балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

  • Баланы қатыгездікке итермелейтін қауіпті ойыннан сақ болыңыз

    Баланы қатыгездікке итермелейтін қауіпті ойыннан сақ болыңыз

    Бірнеше күннен бері ата-аналар чаттарында осындай хабарлама тарап жатыр. Осы кітаптардан, мына ойын түрлерінен  сақ болыңыздар деп ескертілуде.

     

    Осы жағдайдан кейін оқу-ағарту министрлігі ішкі істер министрлігіне қауіпті ойындарды бұғаттау жөнінде хат жолдады. Әлеуметтік желіде де ата-аналар дабыл қаға бастады. Себебі, ойынның жалпы құрылымынан адам шошиды. Атауының өзі оқушының үйден қашуы деген мағына береді.  Ал, бала үйден қашып шығу үшін онлайн түрде тапсырмаларды орындайды.

    «Бұл деген сұмдық! Үйден қашқан бала қайда барады? Әке-шешеден қашқан бала қай бір оңған бала? Таблетка беріп ұйықтатып тастау деген не сұмдық? Бара-бара әке-шешесін өлтіреді ғой бұлар. Ең сорақысы үшінші сыныптың оқушылары жаппай ойнайды екен бұл ойынды. Шешелері тексергенде ойнайтындарын мойындаған. Енді чатта шулап жатыр», — деп жазды фейсбуктегі парақшасында  Гүлжан Амангелдіқызы. https://www.facebook.com/guljanamangeldikyzy/posts/pfbid035Zc8U5icQ7ndZT8ejyBQU9yxLhF2BzKeQzX3R9kY6e7ZH7fGN3hLDxtAkHMTkx7Cl?rdid=JWxkopNVUoboTkXs

     Мұндай ойындар бала психологиясына қауіпті. Сондықтан, психолог мамандар барынша балаға көңіл бөлуге кеңес береді.

    «Ең оңай монепуляцияға ұшырайтын балалар, ата-ана тарапына көңіл бөлінбеген балалар. Өйткені, өзінің табиғатында бала көңіл бөлуге өте мұқтаж болады. Ата-ана менімеен сөйлессе екен, құшақтаса екен, мақтаса екен, қолдаса екен деп мұқтаж боолып тұрады. Оны ата-ана бермеген кезде, оны кім береді, соның әсерінде қалады», — деді  психолог Ержан  Мырзабаев.

    Мамандар, баланың телефонмен қандай қосымшаны көргенін біліп отыру үшін ата-аналарға бақылау бағдарламасын жүктеуге кеңес береді. Әрбір ойын тек ата-ананың рұқсатымен жүктелуі керек. Оқу ағарту министрлігі  қауіпті ойындарды бұғаттау бойынша шешуші шаралар қабылдау үшін Ішкі істер министрлігіне  хат жолдағанын жеткізді.

    «ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты алаңдаушылық білдіруде. Интернет желісіндегі кез келген қауіп-қатердің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту мақсатында Комитет бұл салада жауапты мемлекеттік органдар – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне зиянды цифрлық ойындарға мониторинг жүргізу және бұғаттау бойынша шешуші шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады.

    Сондай-ақ Комитет бұған дейін балалардың онлайн қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған науқандарға бастамашы болғанын еске саламыз. Атап айтқанда, жағымсыз контентке қол жеткізуді шектеу үшін «Ата-ана бақылауы» функциясын орнату. Бұдан бөлек, 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында «Жеке қауіпсіздік» сабақтары енгізіліп, балаларға интернеттегі қауіп-қатерден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп пен сыни сағатта дұрыс мінез-құлық таныту жөнінде түсіндірілуде.

    «Біздің басты міндетіміз — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ата-аналар балаларының қолданатын сайттарын қадағалап, оның онлайн белсенділігіне ерекше назар аударуы керек. Әсіресе, ата-ана бақылауының қолжетімді құралдарын міндетті түрде қолдану қажет. Баламен күнделікті қарапайым ғана әңгімелесу, балалардың өміріне қатысу — олар үшін қауіпсіз кеңістік құрудың жалғыз жолы. Өз кезегінде жауапты мемлекеттік органдар мұндай қауіп-қатерлерге тосқауыл қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

    Бұл мәселенің түбегейлі шешілуін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бақылауда ұстайтын болады», — делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

    Бұл ойын түрлерін ұялы телефонға жүктемей, бірден ойнауға да болады екен. Сондықтан,  балаңыз бұл ойынды жүктемеді деп алаңсыз жүріп қалмаңыз. Барынша сақтық шараларын күшейтіңіз.