Метка: Атырау облысы

  • Атырау облысында балаға зомбылық жасап, өлтірген күдіктіге өмір бойы түрме

    Атырау облысында балаға зомбылық жасап, өлтірген күдіктіге өмір бойы түрме

    Атырау облысында жергілікті тұрғын 7 жасар қызға қатысты зорлау және қасақана өлтіру ісі бойынша өмір бойы түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сілтемесіне сілтеме жасап.

    Бұл қылмыс 2025 жылғы маусымда Құлсары қаласында болды. Қыз өз үйіне қайтып келе жатқанда, Курсай өзенінің жағасында адасып, мас күйдегі жергілікті тұрғынмен кездескен. Ол қызды алдап, өзен жағасына әкеліп, физикалық күш қолдана отырып зорлаған, содан кейін қылмысты жасыру үшін суға батырып өлтірген.

    Күдіктінің кінәсі куәгерлердің көрсеткіштерімен, оқиға орнының протоколымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен расталды. Бейнежазбалардың бірінде күдіктінің қызды әкеткені көрінеді.

    Сот күдіктіні кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Еске салсақ, қыз 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйінен шығып, оралмаған, ал денесі сол күні кешке Курсай каналына табылған.

  • Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

    Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

    Атырау облысының Индер ауданындағы Көктоғай ауылының тұрғындары 28 жылқының ұрлағаны туралы дабыл көтерді. Осыған орай облыстық полиция департаменті мал ұрлған күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

    Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подколковнигі Абай Жұмабаевтың айтуынша, ұсталған күдіктінің жасы – 45-те.

    – Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет ауданының аумағында 28 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 45 жастағы ер адамды ұстады. Қазір күдікті қамауға алынды. Ірі көлемде мал ұрлығы дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысты барлық дерек пен мән-жай тексеріліп жатыр. Айғақ заттар тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Абай Жұмабаев.

     

  • Бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған азамат жазасын бостандықта жүріп өтейді

    Бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған азамат жазасын бостандықта жүріп өтейді

    №2 Ақтөбе қалалық сотында Атырау облысының тумасы Ерболат Орынбасаровқа қатысты істің үкімі шықты.

    – Ерболат Орынбасаров Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 116 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сай тағайындалған жаза шартты деп саналсын, – деді судья Ақмарал Алиева.

    Сонымен бірге пробациялық бақылау аяқталғанша тұрғылықты жерін өзгертпеуі тиіс. Ал егер өзгерте қалса, пробация қызметіне хабарлайды. Жыл ішінде ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, дәмханаларға бара алмайды.

    Еске салсақ, Атырау облысының 27 жастағы тұрғыны бір бүйрегін сату үшін әлеуметтік желі арқылы хабарлама қалдырады. Осы хабарламаны көрген ақтөбелік полицияға хабарлап, алдын ала келісім жасайды. Сотталушы өз бүйгегін 9 млн теңгеге бағалады. Ол 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталып, сот алдында жауап берді.

    Сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар. Үкім кезінде бұл жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

     

  • Емші 9 жасар қыздың ішінен шайтан шығарамын деп әбден қинаған

    Емші 9 жасар қыздың ішінен шайтан шығарамын деп әбден қинаған

    Жергілікті емші Кейқуат Оспанов кішкентай қызды ішінен жын шығару әдісімен емдеген. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

    Видеода екі ер адам жерде жатқан қыз баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Емші баланың ішіндегі «шайтанмен» сөйлескендей түр танытып, сұрақтар қойып отыр. Қиналған бала жылап жауап беріп жатыр.

    – Қызсың ғой, иә?

    – Иә

    – Не үшін кірдің, мақсатың өлтіру ме?

    – Иә

    – Сенің жасың нешеде, Ләззат?

    – 19-да

    – Мыңжылдықсың ба әлде жүзжылдықсың ба?

    – Мыңжылдық

    – Сендер нешеусіңдер?

    – 9

    – Өздерің кірдіңдер ме?

    – Өзіміз кірдік, – деген диалог жүреді.

    Кейқуат Оспанов деген адам өзін ислам медицинасының өкілі деп санайды.

    Бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.

    «Жергілікті уәкілмен байланыстым. Олар мәселені қарауға алды», – деп жазды ол.

  • Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырау облысының Құрманғазин ауданында 84 бас киік өлексесі табылды.  Аудан әкімдігінің мәліметінше, түз жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп болған.

    «Охотзоопром» мамандары ветеринарлық қызметпен бірлесіп, қалдықтарды жинап, кәдеге жаратты. Анықтау орындарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. «Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында, өлекселер қалған жоқ», – деп атап өтті әкімдіктегілер.

  • Заңсыз активтерді қайтару: Атырау облысында мектеп салынады

    Заңсыз активтерді қайтару: Атырау облысында мектеп салынады

    «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында жаңа мектеп салынады. 150 орындық мектептің құрылысына қор қаражаты есебінен 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

    Қазір ауылда 60 орынға бейімделген ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана жұмыс істейді. 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар 60 шақырым қашықтағы Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан мектеп-интернатта оқуға мәжбүр. Жоғары сынып оқушылары көршілес елдімекендерге қатынап оқиды. 

    Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес балаларды сапалы оқыту үшін жағдай жасалатын болады.

  • Әйелін 11 жыл сабаған Мақат ауданының экс-әкімі айыппұлмен құтылды

    Әйелін 11 жыл сабаған Мақат ауданының экс-әкімі айыппұлмен құтылды

    Апелляциялық сот Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті.

    «Атырау қаласының №2 соты Ибрагимовті материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы), 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді. Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді» делінген облыстық сот хабарламасында.

    Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, Ибрагимовтің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді.

    Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Жәбірленушінің сотталғанға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды.

    Осыған байланысты, Ибрагимовтің әрекеті ҚК-тің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды (2 415 000 теңге).

  • Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Дарын Шамұратов Атырау облысы Индер ауданының әкімі қызметінен босатылып, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    “Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды” делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлаасында.

    Ол тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.

    Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы

    05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

    12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы

    09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі

    10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы

    08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары;

    04.2021- 09.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.

  • Атырау облысында полицей жасөспірімді қуамын деп өлтіріп алды

    Атырау облысында полицей жасөспірімді қуамын деп өлтіріп алды

    Атырау облысында патруль кезінде жасөспірімді қағып өлтірген полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.

    Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде, серіктесімен бірге кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісін анықтап, дыбыстық белгі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қаша жөнелген. Қуғын барысында жол қозғалысы ережесін бұзған кәмелетке толмаған жүргізуші жол жиегіне шығып кетіп, мотоциклді басқара алмай, жерге құлап түсті. Сол сәтте қуып келе жатқан инспектор көлікті дер кезінде тоқтата алмай жерде жатқан жасөспірімді басып кетті.

    Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.