Метка: Австралия

  • Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

    Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

    Австралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді толықтай қолдануға тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Жаңа заңға сәйкес TikTok, Instagram, Facebook, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads платформаларына кіруге шектеу қойылады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Платформалар кәмелет жасына толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын жоюға және олардың қайта тіркелуіне жол бермеуге міндетті. Талаптарды орындамаған жағдайда компанияларға 33 миллион доллар көлемінде айыппұл салынады.

    Бұл шешім технологиялық алыптардың және сөз бостандығын қорғаушылардың сын-пікірін тудырды. Дегенмен ата-аналар мен баланың құқықтарын қорғау ұйымдары бастаманы қолдап, балалардың онлайн қауіпсіздігін күшейтудің маңызын атап өтті.

    Австралия билігінің айтуынша, тыйым кибербуллингтің, онлайн-қорлаудың және әлеуметтік желілердің балалар психикасына кері әсерінің артуына байланысты қабылданған. Заңның орындалуын қадағалау арнайы органға жүктелді.

  • Австралиядағы казиноны алдап, 1,18 млн доллар ұрлады деп айыпталған қазақстандық жұп

    Австралиядағы казиноны алдап, 1,18 млн доллар ұрлады деп айыпталған қазақстандық жұп

    Тергеу мәліметінше, олар Crown казиносында жасырын камера мен арнайы құрылғыларды пайдаланып, 1,18 млн доллардан астам қаржы ұтып алған, деп хабарлайды  Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
    Дильноза Исраилова мен Алишерыхожа Исраилов Австралия полициясының нұсқасы бойынша жасырын техниканы қолдану арқылы ірі ұтыстарға қол жеткізген.
    фото : коллаж SONA.KZ
    Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, казино қызметкерлері 36 жастағы әйелдің Микки Маус бейнесі бар футболкасына бекітілген шағын камераны байқап қалған. Одан кейін Дильноза мен 44 жастағы жұбайы казино аумағында қамауға алынған.
    Тергеу деректеріне қарағанда, ерлі-зайыптылар:
    •магниттік датчиктерді,
    •батареяларды,
    •бейне түсіруге арналған арнайы құрылғысы бар мобильді телефонды,
    •ойын кезінде нұсқаулық алу үшін жасырын орналастырылған құлаққаптарды қолданған.