Метка: Автотұрақ

  • Астанада ақылы автотұрақтарға үш тариф енгізіледі

    Астанада ақылы автотұрақтарға үш тариф енгізіледі

    Астанада ақылы автотұрақтарды басқару жүйесін жаңарту жоспарланып отыр, онда үш тариф түрі енгізіледі: резиденттік, абонементтік және корпоративтік. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    Ведомство мәліметінше, жақын арада автотұрақтарды ұйымдастыру және пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Негізгі жаңалықтар:
    •Арнайы санаттағы тұрғындар үшін ақылы коммуналдық автотұрақтарда тегін көлік қою құқығын кеңейту.
    •Электромобильдерге нормативтік анықтама енгізу және олардың иелеріне жеңілдіктер беру.
    •Автотұрақтарды қоршалған және қоршаусыз типтерге бөлу, әр типке сәйкес жұмыс режимін белгілеу.
    •Автотұрақ инфрақұрылымы мен техникалық құралдардың құрамын нақтылау.
    •Төлем тәртібін жаңарту және төлемнен босатылатын санаттарды анықтау.
    •Резиденттік, абонементтік және корпоративтік тарифтерден басқа жеке автотұрақтарды пайдалану ерекше режимдерін енгізу.
    Еске сала кетейік, ақылы автотұрақтар қазір қалалық акиматтың қарамағына өтті, ал Астана әкімі Женис Қасымбек ОКҚ брифингінде олардың жаңа жұмыс жүйесі туралы айтып өтті.
    Жаңартулар тұрғындардың ыңғайлылығын арттыруға, ақылы автотұрақтардың тиімділігін жоғарылатуға және электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
  • Астанада ақылы автотұрақтардың саны көбеюі мүмкін

    Астанада ақылы автотұрақтардың саны көбеюі мүмкін

    Астанадағы ақылы автотұрақтар 100 пайыз мемлекеттік мекемеге өтуге дайын. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлім етті.

    «Қазір ақылы автотұрақтар кеңістігін әкімдіктің балансына өткізу туралы мәселе қаралып жатыр. Арадағы келісімшартты бұзатын құжатқа қол қойылды. Енді автотұрақтардың мәселесімен 100 пайыз мемлекеттік мекеме айналысады», – деді бүгін Мәжілістің кулуарында ол.

    «Коммуналдық балансқа өткеннен кейін астаналықтар үшін не өзгереді?» деген тілшісінің сұрағына жауап берген ол алдағы жоспар қоғамдық кеңес және мәслихат депутаттарымен талқыланатынын айтты.

    «Сондай-ақ, қаланың өсуіне байланысты тұрақ сандары көбеюі мүмкін», – деді ол.

    «Тұрғындар да, депутаттар да тұрғын үйлер мен саябақтардың жанындағы тұрақтарды алып тастау керек екенін жиі айтады. Сол мәселені қарастырасыздар ма?» деген сұраққа жауап бере келе Өтебаев мәселе талқыланатынын айтты. Бірақ, оның пікірінше, жеке тұрғын үйлердің алдына ақылы автотұрақ орнату дұрыс мәселе.

    «Оларды алып тастай ма, тастамай ма әзірге нақты айта алмаймын. Бірақ, меніңше дұрыс деп есептеймін. Бірақ, қазіргі таңда ол үйдің иелеріне тұрақ тегін. Егер ол мүлкін түұрғынның атында болса, өз атына тіркелген көліктерге тегін болады. Бірақ, ол үйге келген басқа адамдар үшін ақылы болады», – деді Өтебаев.