Метка: әуежай

  • Бельгиялықтар ереуілдетіп жатыр: әуе рейстері тоқтап, 40 мың адам жолдан қалды

    Бельгиялықтар ереуілдетіп жатыр: әуе рейстері тоқтап, 40 мың адам жолдан қалды

    Бельгияда  әуежай қызметкерлері ереуілдетіп жатыр.  Салдарынан әуе рейстері тоқтады.  40 мыңнан астам адам жолдарынан қалды. Ал, наразылық білдірушілер қатарында әуежайда жұмыс істейтін тазалықшыдан бастап, түрлі қызмет көрсету саласының мамандары бар. Олар жалақының алдығына қарсылық білдіріп, табыстарын  көбейтуді талап етуде. Осы ереуілдің кесірінен бүгін Брюссель және Шарлеруа қаласының әуежайынан ұшуы тиіс барлық рейс кейінге шегерілді. Жолаушылар бүгін әуежайға түнеуге мәжбүр.

     

  • Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    «SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салады

    Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

    Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

    Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді.

  • Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

    Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады.

    «Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті»,- делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

    Жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті. Бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды.

    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

    Естеріңізге сала кетейік, әлемде маймыл шешегі дерті дендеп тұр. Жағдайдың ушығуына байланысты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жарияланған хабарлаған болатынбыз

    Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды

  • Air Astana компаниясы Астана әуежайын сынға алды

    Air Astana компаниясы Астана әуежайын сынға алды

    Себебі, әуежай мамандарының кесірінен FlyArystan компаниясының ұшағы бірнеше күн рейске шықпай қалған.

    5 тамыз күні ұшақтың баспалдағын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде артқы есікке зақым келген. Содан кейін әуе кемесі бірнеше күн тұрақта тұрып қалған, оны жөндеуге қыруар қаржы жұмсалған.

    Air Astana компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, тіпті, жөндеу жасалып жатқанда FlyArystan-ның жұмыс істеу кестесі өзгертілген.

    «Әуе компаниясы аяқ асты болған жағдай үшін өкінішін білдіреді. Себебі, бұл жайт жолаушыларды уақытылы тасымалдаудың көрсеткіштерін төмендетіп, жұмыстың бірқалыпты жүруіне кері әсерін тигізді. Мұндай оқиғалар Астана әуежайында жаз басталғалы бірнеше мәрте орын алды», – деп жазды баспасөз қызметі.

    Ал Көлік министрлігі болса, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясы өткізетінін мәлімдеді.