Метка: аукцион

  • Алматыда «блатной» нөмірі бар Rolls-Royce аукционға қойылды

    Алматыда «блатной» нөмірі бар Rolls-Royce аукционға қойылды

    Алматыда Елдос Коспаевке тиесілі Rolls-Royce Chost Family автокөлігі аукционға қойылды. Көліктің «блатной» нөмірі 007VIP07, бастапқы бағасы 62,5 миллион теңге, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұған дейін Коспаевтер отбасы мен олардың туыстарына тиесілі басқа да қымбат көліктер аукционға шығарылған болатын: жасыл Land Rover Range Rover, ақ Toyota Land Cruiser 200, көк Land Rover Range Rover Sport және ақ Mercedes-Benz AMG G 63.

    Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Коспаевтердің ағайындылары мен олардың топтары Алматы және Алматы облысындағы кәсіпкерлерді ұзақ жылдар бойы қорқытып келген. Қылмыстық топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен, компаниядағы үлестерін иемденумен және қара нарыққа қатысуымен айналысқан.

    Елдос Коспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ағалары Айдос пен Айбек 12 жылдан, ал қалған қатысушылар 9-12 жылға дейін түрмеге кесілді.

  • Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

    Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

    Қоғам белсендісі Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі аукцион арқылы сатылып, одан түскен қаражат жәбірленушілерге өтемақы ретінде бағытталады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Сот үкімімен тәркіленген мүлік тізімі:
    • жеке тұрғын үй;
    • Астанадағы төрт пәтер;
    • люкс санатындағы автокөліктер.

    «Бұл қаражат есебінен жәбірленуші тарапқа өтемақы төленеді», – деді Елемесов.

    Еске салайық, 25 шілде күні Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот үкімі шықты. Олар қайырымдылық қоры арқылы жиналған қаражатты жымқырды деп танылып, мүлкі тәркіленіп, келтірілген зиянды өтеуге міндеттелді.

  • Майкл Джексонның бір ғана шұлығы $8 000-нан асты

    Майкл Джексонның бір ғана шұлығы $8 000-нан асты

    Майкл Джексонның 1997 жылғы Франциядағы концертінде киген шұлығы аукционда $8 822-ға сатылды.

    Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Әнші ақ түсті, страздармен көмкерілген спорттық шұлықты HIStory турының аясында Францияның Ним қаласында өнер көрсеткен кезінде киген. Аукцион ұйымдастырушысы Аврора Иллидің айтуынша, бұл шұлық концерттен кейін Джексонның грим бөлмесінің жанынан табылған.

    “Бұл Майкл Джексонның жанкүйерлері үшін шын мәнінде культке айналған ерекше зат”, – деді Илли.

    Шұлық бастапқыда 3000–4000 еуроға бағаланған. Алайда, нәтижесінде ол 7 688 еуроға (шамамен 8 822 доллар) сатылды.

    Айта кетейік, бұған дейін Джейн Биркинге тиесілі болған түпнұсқа Hermès сөмкесі Sotheby’s аукционында $10,1 млн-ға сатылып, сауда тарихындағы ең қымбат сөмке атанған.

  • Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін ешкім сатып алмады

    Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін ешкім сатып алмады

    Аталған үйдің бірінші сатылымында өтпеуіне ешқандай қатысушының тіркелмеуі себеп болған.

    Осылайша, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өз иесін таппады. Оған электрондық сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел.

    – Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында бірде-бір қатысушы бастапқы бағаны растамаған, – деп жарияланған хабарламада.

    Еске салайық, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған-ды. Ол 18 жылға бас бостандығынан шектелді.