Метка: аурухана

  • Алматыда Сара Назарбаеваның стационарлық емделуі аяқталды

    Алматыда Сара Назарбаеваның стационарлық емделуі аяқталды

    Қазақстанның тұңғыш Президентінің жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Sona.kz  Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

    Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталь өкілдерінің мәліметінше, Сара Назарбаева стационарлық ем қабылдағаннан кейін амбулаториялық емдеуді жалғастырады.

    Медициналық мекемеде оның диагнозы, қазіргі жағдайы және қолданылған емдеу әдістері жарияланбайтыны атап өтілді. Бұл ақпарат дәрігерлік құпияға жатады.

    Сара Назарбаеваның ауруханаға 2025 жылдың сәуір айында жатқызылғаны хабарланды.

    Ол медициналық мекемеде шамамен он ай бойы ем қабылдаған.

    Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында болады және емдеу амбулаториялық форматта жалғасады.

    Ұлттық госпиталь тарапынан қосымша мәлімет берілген жоқ.

  • Айыртау ауданында жасөспірім улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді

    Айыртау ауданында жасөспірім улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді

    Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы ауылдардың бірінде 16 жастағы мектеп оқушысы улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sona.kz.

    Оқиға 4 ақпанда болғаны хабарланды. Жасөспірім медициналық мекемеге ауыр жағдайда жеткізілген.

    Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

    Қазіргі уақытта қыз қажетті ем қабылдап жатыр, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

  • Жамбыл облысында аурухана жөндеуінде 16 млн теңгеден астам қаржы негізсіз төленген

    Жамбыл облысында аурухана жөндеуінде 16 млн теңгеден астам қаржы негізсіз төленген

    Жамбыл облысы Талас аудандық прокуратурасы көпбейінді орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының заңдылығына талдау жүргізді. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың шілде айына жоспарланған, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облысы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Тексеру барысында мердігер ұйымға орындалмаған құрылыс жұмыстары үшін 16 миллион теңгеден астам қаржы негізсіз төленгені анықталды. Төлемдер нақты атқарылмаған жұмыстарды көрсететін жалған актілер негізінде жүзеге асырылған.

    Аталған дерек бойынша аудандық прокуратура Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына қадағалау актісін енгізді. Құжатта авторлық және техникалық қадағалау өкілдерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілген.

    Алайда басқарма прокуратураны хабардар етпей, ұсынысты өз бетінше қарап, құқықбұзушылықтың жоқтығын алға тартып, оны орындаусыз қалдырған. Бұл жағдайға байланысты қосымша шаралар қабылданды.

    Прокурорды хабардар етпегені үшін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 666-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқармаға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

    Қадағалау актісін қайта қарау нәтижесінде мердігер ұйым барлық құрылыс жұмыстарын толық көлемде орындады. Сонымен қатар авторлық және техникалық қадағалау өкілдері ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

    Әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Прокуратурада прокурор ұсынған шараларды қабылдамау, сондай-ақ уақтылы хабарламау үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделгені еске салынды.

  • Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысының Аршалы аудандық ауруханасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні аурухана палатасында жатқан ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

    1973 жылы туған Теміртау тұрғыны 3 қарашада «Қарағанды – Қостанай» пойызынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Диагнозы — транзиторлық ишемиялық шабуыл.

    Полиция мәліметінше, ол бұрыннан психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға байланысты психиатриялық есепте тұрған.

    Кешкі уақытта терезенің әйнегін сындырған науқас сыртқа секіріп кеткен. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жеткізгенімен, өмірін сақтап қала алмады.

    Өлім себебі — ауыр жарақаттар мен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі.

    ? Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Дәрігерлер Павлодардағы қайғылы оқиғаға қатысы бар әйелдің жағдайын айтты

    Дәрігерлер Павлодардағы қайғылы оқиғаға қатысы бар әйелдің жағдайын айтты

    Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірген әйел ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қаладағы №1 қалалық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа бірнеше ота жасалған: екі өкше сүйегіне, сол және оң иық сүйектеріне остеосинтез жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

    Еске салайық, қайғылы оқиға 30 шілде күні сағат 13:00 шамасында болған. Әйел екі кішкентай баласын 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен лақтырып, артынан өзі секірген. Сол күні кіші ұлына шұғыл ота жасалып, бір бүйрегі алынды. Операция кезінде оның жүрегі тоқтап қалған, алайда дәрігерлер баланы аман алып қалған еді. Алайда 1 тамыз күні кешке сәбидің жүрегі қайта тоқтап, қайтыс болды.

    Үлкен ұлы аман қалды. Екі аптадан соң дәрігерлер оны ауруханадан шығарды. Мамандардың айтуынша, оған кем дегенде бір жылдық оңалту қажет.

    Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

  • Павлодарда анасынaн бесінші қабаттан лақтырылып кеткен бала ауруханадан шықты

    Павлодарда анасынaн бесінші қабаттан лақтырылып кеткен бала ауруханадан шықты

    Павлодарда анасымен бірге бесінші қабаттан лақтырылып кеткен 7 жастағы бала облыстық балалар ауруханасынан шықты. Оны әкесі үйіне алып кетті, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Дәрігерлердің айтуынша, балаға ұзақ уақыттық оңалту қажет. Ол ауруханада екі аптаға жуық, соның ішінде бір тәулікке жуық жансақтау бөлімінде болған. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, бірақ бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтауы керек. Толық қалпына келу үшін тұрғылықты жеріндегі оңалту орталығында шамамен бір жыл ем алады.

    Дәрігерлер баланың жүру дағдысы сақталғанын, алайда жамбас сүйегінің жарақатынан кейін алғашқы уақытта жүрісі тұрақсыз болатынын атап өтті. «Денсаулығына қатысты болжам оң», – деді мамандар.

    Өз балаларын лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен ананың жағдайы әлі ауыр. Бұған дейін оған өкше сүйектеріне ота жасалған. Денсаулығының ауырлығына байланысты бұлтартпау шарасы таңдалмаған, алайда палата жанында тәулік бойы полицейлер күзетуде.

  • Қарағанды облысында өрттен зардап шеккен 4 адамның жағдайы тұрақты

    Қарағанды облысында өрттен зардап шеккен 4 адамның жағдайы тұрақты

    Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында зардап шеккен 4 науқастың жағдайы тұрақты. Олардың екеуі өрт сөндіруші, бірі ерікті, тағы бірі ауыл тұрғыны. Дәрігерлер тиісті көмек көрсетуде. Естеріңізге сала кетсек бұған дейін алапат өртпен алысқан 1 өрт сөндіруші қаза тапқан болатын. Қарқаралы аумағында барлығы 35 мың гектар аумақ жанып кетті.