Метка: Ауызашар

  • Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

    Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар өткізіп, мұсылман елдерінің өкілдерін қабылдады. Ол өз сөзінде 2024 жылғы президенттік сайлауда көрсеткен қолдауы үшін мұсылман қауымына ризашылығын білдірді.

    Трамп өз әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі – Таяу Шығыста бейбітшілік орнату екенін атап өтіп, бұл бағытта Авраам келісімдеріне сүйенетінін жеткізді. Сонымен қатар, президент әсіресе Мичиган штатында тұратын мұсылмандарға ерекше алғысын білдірді.

    «Мен президент болып тұрғанымда, сіздерді әрдайым қолдаймын. Мұны білулеріңізді қалаймын», – деді Трамп.

    Сондай-ақ, ол болашақта мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.

  • «Ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур» дейтіндер көп – Бас мүфти

    «Ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур» дейтіндер көп – Бас мүфти

    Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді қолданған. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

    «Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлап отыр. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – Қадір түні, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

    Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.