Метка: Аяз

  • Қазақстанда 35 градусқа дейінгі аяз күтіледі

    Қазақстанда 35 градусқа дейінгі аяз күтіледі

    Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанып отыр. «Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, елге қуатты солтүстік антициклон жақындап келеді.

    Метеорологтардың мәлімдеуінше, әдеттегіден жылы өткен күзден кейін қазақстандықтар биылғы қысқы суықты алғаш рет айқын сезінбек. 9 желтоқсаннан бастап суық ауа массалары солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге еніп, жауын-шашын тоқтайды, ал температура күрт төмендейді.

    Түнгі уақытта солтүстік аймақтарда термометр бағаны минус 22–30 градусқа дейін төмендейді. Шығыс өңірлерде суықтың күші артып, минус 27–35 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда аяз біршама жұмсақ, бірақ айтарлықтай сезілетін болады: минус 10–20 градус күтіледі.

    Солтүстік антициклонның әсері республиканың барлық аумағына таралып, алдағы бірнеше күнде суық ауа райы сақталады. Кей өңірлерде желдің күшеюі мен көрінудің нашарлауы байқалуы мүмкін.

    Синоптиктер биылғы қыс басталуының аномальды жылы болғанын атап өтті: көптеген аймақта қар жамылғысы болмады, жауын-шашын аз болды. Мамандар мұндай үрдіс сақталса, қарсыз немесе қар аз түсетін қыс Қазақстан үшін үйреншікті жағдайға айналуы мүмкін екенін ескертеді.

    Тұрғындарға сапар жоспарлағанда ауа райы болжамын ескеріп, қатты аяз кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

  • Ауа райы: -38 градусқа дейін аяз болады

    Ауа райы: -38 градусқа дейін аяз болады

    «Қазгидромет» синоптиктері 24 қаңтарда Қазақстанның барлық аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

    Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

    Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31 градус аяз болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болады.

    Алматыда кей уақытта тұман түседі. Қонаевта 24 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.

    Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

    Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз.

    Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз, ауа температурасы 30-33 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің шығысында, таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз 25-29 градус. Талдықорғанда түнде қатты аяз 27-29 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

    Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

    Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

    Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

    Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м с.

    Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

    Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

  • Алдағы күндері 35 градусқа дейін суытады

    Алдағы күндері 35 градусқа дейін суытады

    Синоптиктердің болжамына сәйкес, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.

    18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

    «Қатты қар 20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындада күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

    22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:

    • батыста температура 10-20 градус аяз;
    • солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
    • орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
    • оңтүстікте 12-25 градус аяз;
  • Бүгін ауа райы қандай болады?

    Бүгін ауа райы қандай болады?

    Синоптиктердің болжамынша, 11 желтоқсанда елдің кей өңірінде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал кей өңірде аяз болады.

    Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман түседі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

    Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градусқа дейін қатты аяз болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте түнде және таңертең тұман.

    Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

    Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

    Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі.

    Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші екпіні секундына 15-20, күннің екінші жартысында 23 метрге дейін жетеді.

    Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

  • Ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

    Ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

    Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

    – 2024 жылғы 11 қарашада сағат 08:00–де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

  • Қазақстан қар құрсауында қала ма?

    Қазақстан қар құрсауында қала ма?

      Мамандардың айтуынша, ел аумағының көп бөлігі Солтүстік циклонды қамтиды, осыған байланысты 2024 жылғы 9, 10 және 11 қарашада ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

    Метеорологтар батыс және оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауады, қарлы боран мен көктайғақ болады деп болжауда. Сонымен қатар, елдің көп бөлігінде екпінді жел секундына 15-29 метрге жетеді.

    «9 қараша күні түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады деп күтілуде».»Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

    Сонымен қатар, республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8+13° дейін, таулы аудандарда +5°дейін көтерілуі мүмкін.