Метка: Әйел

  • Өскеменде босанған әйел сәбиін қоқыс контейнеріне қалдырған

    Өскеменде босанған әйел сәбиін қоқыс контейнеріне қалдырған

    Instagram желісіндегі f16_kaz парақшасының мәліметінше, жалдамалы пәтерде тұратын 44 жастағы әйел адам медициналық көмекке жүгінбей, жалғыз өзі босанған. Оның айтуынша, сәби өлі күйінде өмірге келген, содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне тастай салған.

    Әйел адам жүкті ретінде есепте тұрмағаны, медициналық көмекке жүгінбегені анықталды. Кейін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, куәгерлер жаңа туған нәрестенің денесін өткен жексенбіде тапқан.

    Редакцияның сауалына жолдаған жауабында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Жедел іс-шаралар барысында сәбидің анасы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

     

  • Алматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

    Алматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

    Алматыдағы қоқыс өңдейтін кәсіпорын аумағынан қоқыс саралау кезінде әйел адамның бөлшектелген денесі табылды.

    Алдын ала мәлімет бойынша ер мен әйел 9 ақпанда жалдамалы пәтерде ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туған. Ер адам әйелді пышақтап, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған.

    Түркісб ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала дерек бойынша ер адам жанжал кезінде өзімен бірге тұратын әйел адамды өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деді полиция.