Метка: Айзат Жұманова

  • Айзат Жұманованың ісі: экс күйеуі 14 жылға сотталды

    Айзат Жұманованың ісі: экс күйеуі 14 жылға сотталды

    Талдықорғанда сот Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболатты әйелінің қазасына кінәлі деп танып, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Прокуратура 15 жыл талап еткен.

    Трагедия 2025 жылғы 22 маусымда болды. Тергеу деректері бойынша Айзат ауруханаға ауыр жарақаттармен жеткізілді және кейін реанимацияда қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама мидың ісінуі, жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйек, аяқ-қол және жамбас сүйектерінің сынуы, сондай-ақ қыртысты бетке сүйреп кету іздерін анықтады.

    Бастапқыда іс ауыр дене жарақатын келтіру деп тергелген, бірақ сараптамалардан кейін «адам өлтіру» деп қайта бағаланды. Тергеу деректері бойынша, 22 маусымда кешке күйеуі әйелін далаға шығарып, соққыға жыққан. Әйел есінен танып қалған соң да соққы тоқтамаған. Оқиға кезінде ол мас болған.

  • Айзат Жұманованың ауруханаға түскен кездегі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді

    Айзат Жұманованың ауруханаға түскен кездегі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді

    Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысында оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен мамандар жауап берді. Олардың айтуынша, қыз өте ауыр халде, бас миының жарақаттарымен және денесіндегі көптеген зақымдармен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Травматолог Мұхтар Кумеков Айзаттың тамыры әрең соққанын және есін жимай жатқанын айтты. Қыз бірден реанимация бөліміне көтерілген.
    Дәрігердің айтуынша, тексеру кезінде пациенттің беті ісінген, аяқтарында жарақаттар мен сызаттар болған, төменгі жақ сүйегі қозғалған. Дәрігерлер ми жарылуын, гематоманы және айқын ісінуді анықтаған. Шамамен отыз минут жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

    Мейірбике Арайлым Төменбаева Айзаттың бетінде соққы іздері анық байқалғанын айтты. Алғашқы тексеруден кейін дәрігерлер полиция шақыруды тапсырған.

    Тергеу мәліметінше, 22 маусым күні күйеуі Айзатқа бірнеше рет соққы беріп, оны үйдің сыртына шығарған. Қыз есінен танып, көп ұзамай реанимацияда көз жұмған.

    Сот процесі жалғасып жатыр.

  • Прокурор: Айзат Жұманованың денесінен сүйрету іздері де, жүктілік белгілері де табылмады

    Прокурор: Айзат Жұманованың денесінен сүйрету іздері де, жүктілік белгілері де табылмады

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық істің басты сот талқылауы басталды. Күйеуі Айбар Жанболат бұл іс бойынша күдікті ретінде танылған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform- ға сілтеме жасап.

    Іс алғашында ҚР ҚК-нің 106-бабы («Абайсызда адам өліміне әкелген ауыр денсаулыққа зиян келтіру») бойынша қозғалған еді. Кейін тергеу материалдары қайта бағаланып, айып ҚР ҚК-нің 99-бабы («Қасақана адам өлтіру») бойынша өзгертілді.

    Жәбірленуші тарап сот процесін онлайн көрсетуді ұсынды. Алайда судья отырыс ашық өтетінін, бірақ онлайн трансляция жүргізілмейтінін хабарлады.

    Прокурор оқиғаның жай-жапсарын баяндады

    Сотта прокурор Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқып, жанжалға ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш себеп болғанын мәлімдеді.

    2025 жылдың маусым айының басында Айбар Жанболат жұбайының телефон арқылы біреумен сөйлескенін көріп, қызғаныш туындаған. Даудың соңы екі тараптың телефондарын сындыруға, кейін ұзаққа созылған ренішке ұласқан.

    Осыдан кейін 21 маусым күні күйеуі шаруамен тауға кетіп, кешкі уақытта үйге оралған. Үйге кіреберісте Айзаттың қайтадан біреумен сөйлесіп тұрғанын көрген күдікті дүкеннен алкоголь алып ішкеннен кейін қызғаныш әсерінен әйелін өлтіру туралы ойға келген.

    Айыптау актісіндегі қорытындылар

    Айыптау актісіне сәйкес, сол түні Айбар Жанболат алкогольдік масаң күйде әйелін ауыр соққыға жыққан. Айзат жылап, оған тоқтауды өтінгенімен, күдікті соққы беруді жалғастырып, оның өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше мәрте ауыр соққы жасаған.

    Күйеуі әйеліне медициналық көмек көрсетпеген, жедел жәрдем шақырмаған. Тек бірнеше сағаттан кейін ғана Айзатты облыстық ауруханаға жеткізген. Жұманова алған жарақаттар салдарынан есін жимастан көз жұмды.

    Сараптама нәтижелері

    Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Айзат Жұманованың өлімі бас миының ісінуі мен қан құйылуы салдарынан болған ауыр жабық бас-ми жарақатынан туындаған.

    Комиссиялық сараптама оның денесінде жылқы, көлік немесе адамның сүйретуі арқылы пайда болатын жарақаттар тіркелмегенін көрсетті. Сонымен қатар марқұмнан жүктілік белгілері де табылмаған.

    Сот талқылауы жалғасып жатыр.

  • Айзат Жұманова ісі бойынша сот онлайн көрсетілмейд

    Айзат Жұманова ісі бойынша сот онлайн көрсетілмейд

    Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр. Бастапқы тыңдалымда судья процесс бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық өтетінін хабарлаған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Алайда бүгінгі негізгі отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Аида Қуандыковaның сотты онлайн форматта көрсету туралы өтініші қанағаттандырылмады. Соттың айтуынша, процесс ашықтығы журналистердің залға еркін кіріп, материалдарға қол жеткізуі арқылы қамтамасыз етіледі, ал бейнетрансляция жүргізудің қажеттілігі жоқ.

    Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы оқиғадан екі апта бұрын күшейген. 21-нен 22 қазанға қараған түнi Ақсу ауданының Баласаз ауылында Айзат Жұманова алған соққы салдарынан көз жұмған.

    Сот ашық форматта өтіп жатыр, тыңдалымдар жалғасуда.