Метка: Айжан Аймағанова

  • Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Қуандық Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова қазақстандықтарға үндеу жасады. Айжан Аймағанова парақшасында видео жариялап, балалардың жол апатына түсуі туралы жазған.

    — Әрбіріміз өз өмірімізде болып жатқан нәрселерге, әсіресе балаларға қатысты жағдайларға жауаптымыз. Соңғы уақытта балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары, терезеден құлау сияқты қайғылы жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бәрімізді бейжай қалдырмауы керек. Астана прокуратурасының парақшасындағы бейнеролик мені ерекше толқытты. Бәлкім менің әріптесім, Арайлым Оразованың бастауымен түсірілгендіктен болар. Бұл видеода-оның ұлдары, дейді Аймағанова.

    Прокурор балаларды қорғап, сақ болуға шақырды. Еске салайық, сәуірдің басында Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Анасының көзінше жүк көлігі баланы басып кетті.  Оқиға Беларусь азаматы басқарған көліктің кесірінен орын алды. Бала оқиға орнында жан тапсырды.

    Видеодан баланың анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен. Бұл қайғылы оқиға баланың анасының көз алдында болған.

  • Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды

    Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды

    Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков  Республика күніне орай марапаттарға ие болды, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.