Метка: Azerbaijan Airlines авиакомпаниясы

  • Ақтауда құлаған ұшақ ішінде қандай тосын жағдай болған?

    Ақтауда құлаған ұшақ ішінде қандай тосын жағдай болған?

    Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есебі белгілі болды. Құжатта көрсетілгендей, «Azerbaijan Airlines» ұшағы Грозный әуежайына екі рет қона алмағандықтан Бакуге оралуды ұйғарған.

    Ұшақ апатына байланысты 53 беттік есепте мыналар жазылған:

    Ұшаққа бірінші соққы сағат 05:13:31-де тіркелген.

    Ұшаққа екінші соққы сағат 05:13:56-да тіркеледі.

    Сағат 05:14:58-де ұшқыш жағдайды анықтау үшін бортсерікке хабарласып, не болғанын сұрайды.

    Ұшқыш:

    – Алло, не болды?

    Бортсерік:

    – Екі орындық жарылды, мен… жаныңызға бара алмаймын, өйткені жолаушылар тұрып кетті, мен оларды отырғызып жатырмын.

    «Azerbaijan Airlines» ұшағы Бакуге оралуды ұйғарып, артынша Ақтауға ұшқан.

    Ұшқыш әуелі Баку мен Махачкаланың ауа райын сұраған, сосын Бакуге бет алмақ болады.

    Кейін Ақтаудағы ауа райын сұрайды. Қолайлы болған соң, сағат 05:42:40-та Ақтауға ұшады.

    Ұшақ 06:02:47-де Ақтау әуежайымен байланысады.

    Сағат 06:27:58-де ұшақ жерге құлайды.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан жарияланады?

    Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан жарияланады?

    Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында айтты. Ол қара жәшіктердегі жазбаның көшірмелері Ресей мен Әзербайжанда екенін алға тартты.

    «Қара жәшік бойынша нақтылап өтсем деймін. Ешқандай залал келмеген, ештеңе жоғалған жоқ. Жазбалар оқылды. Барлық мәліметтің көшірмелері Ресей мен Әзербайжанға берілді. Біз жасыратын ештеңе жоқ», – деді вице-премьер Бозымбаев.

    Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжанның Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласынан 30 шақырым апатқа ұшыраған еді.

  • Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилияда ашылады

    Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилияда ашылады

    Бұл тураылы Көлік министрлігі хабарлады. «Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттағы өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды», – делінген хабарламада.

    Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі.

    Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия қара жәшіктерді Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.

    CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

    Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

  • Әзербайжанның тағы бір ұшағы Бакуге шұғыл түрде қонды

    Әзербайжанның тағы бір ұшағы Бакуге шұғыл түрде қонды

    Ресейдің Минеральные Воды қаласына ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Бакуге қайтып келді.

    Azerbaijan Airlines компаниясы бұл шешім Махачкала үстіндегі әуе кеңістігінің жабылғаны туралы NOTAM хабарламасын алғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді.

  • Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Премьер министрдің орынбасары Бозымбаевтың айтуынша біржолғы көмек – 5 млн теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтуныша жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз.

    «Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша 257 мың теңге», –деді Сарбасов.

  • Үкімет апаттан көз жұмғандардың отбасына қандай көмек көрсетеді?

    Үкімет апаттан көз жұмғандардың отбасына қандай көмек көрсетеді?

    Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмғандар арасында 6 Қазақстан азаматы бар. Мемлекет марқұмдардың отбасына қаржылай көмектеседі. 

    Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

    «Жазатайым оқиға салдарынан асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында қазақстандық 4 азаматқа қатысты әлеуметтік мәртебе белгіленеді. Марқұмдардың отбасындағы еңбекке жарамсыз мүшелеріне қатысты әлеуметтік көмектің қажетті көлемі айқындалады», – деді вице-министр.

    Бұған дейін мерт болған 6 қазақстандық туралы ақпарат айтылды. Көз жұмған Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының тұрғындары, бірі Қостанайдікі, бірі Астанадан екені белгілі болды.

    «Біз қайтыс болған барлық азаматтардың отбасына қажетті көмек көрсетеміз. Оның ішінде мәйіттерді жеткізу, жерлеу ісімен жүз пайыз өзіміз айналысамыз. Сонымен қатар заң бойынша барлық тиісті төлемдер дереу төленетін болады. Ертең таңертеңнен бастап бұл жұмыстың барлығы орындалады. Бұл менің жеке бақылауымда», – деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

  • Баку ұшағының бортындағы жолаушылардың толық тізімі белгілі болды

    Баку ұшағының бортындағы жолаушылардың толық тізімі белгілі болды

    Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақтың бортында болған жолаушылардың тізімі жарияланды. 

     Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болған.

    Ұшақ апатынан зардап шеккен 14 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуінің жағдайы ауыр.

  • Ақтау маңында құлаған ұшақ ішінде Қазақстанның алты азаматы болған

    Ақтау маңында құлаған ұшақ ішінде Қазақстанның алты азаматы болған

    Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.

    Ақтау маңында құлаған ұшақ ішінде Қазақстанның алты азаматы болған. Бұл туралы көлік министрлігінен мәлім етті.

    «Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған», – деп хабарлады көлік министрлігі.