Метка: Әзербайжан

  • Әжелер ансамблі Әзербайжандағы байқауда бірінші орын алды

    Әжелер ансамблі Әзербайжандағы байқауда бірінші орын алды

    Өнер жарысында әнші әжелерімізбен қатар Өзбекстаннан және т. б. елдерден келген 400-ден аса үміткер сайысқа түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

    Астанада Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткер әжелерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамблі Баку қаласында өткен «AZERBAIJAN GRAND FESTIVAL» ән байқауында жүлделі бірінші орынға ие болды.

    Фестиваль ұлтаралық қарым-қатынас пен музыкалық мәдениетті нығайту мақсатында наурыз айының соңғы күндері «Аstana Stars» халықаралық конкурстар комитетінің ұйымдастыруымен өткен болатын.

    Әжелер ансамблінің ұжымына ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Жанарбек Искендыров жетекшілік етеді, ал ансамбльдің белді жүшесі Шәрбат Құрманова ансамбльдің көркемдік жұмысымен және репертуарын қалыптастырумен  айналысады.

    Ансамбль өз жұмысын 2019 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа ауданына қарасты қалалық ардагерлер ұжымында бастады.

    Өнер ұжымының алғаш құрылған кезде халық әндерін орындаудан бастаған еді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүрген ансамбльдің репертуары бүгінде әр түрлі, ән қоржынында 80-ге жуық ән бар.

    – Біздің орталықтың өнерлі зейнеткерлері халықаралық деңгейдегі ән байқауынан жүлдемен оралуы біз үшін үлкен жетістік. «Сағыныш сазы» ансамблінің құрылғанына 5 жыл толды, жақында өзінің бес жылдық есептік концертін өткізген болатын. Бұл өнер ұжымына 62-72 жас аралығында ән айтумен әуестенетін әжелер жиналған. Ансамбль әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде. Олардың репертуары әралуан, терме, халық және эстрадалық әндермен қатар, басқа да жанрдағы әндерді орындайды, – деп сөзін түйіндеді Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жанар Есенаманова.

    Осы байқауда бірінші орынды жеңіп алған «Сағыныш сазы» ардагерлер ансамблі Грекияның Салоники қаласында өтетін GREECE GRAND FESTIVAL байқауына жолдама алды.

  • 34 жастағы ер адам мәйітханада тіріліп кетті

    34 жастағы ер адам мәйітханада тіріліп кетті

    1991 жылы туған ер адам өз үйінде ес-түссіз күйде табылып, дәрігерлер оны қайтыс болды деп таныған. Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізілген соң, мамандар оның тірі екенін анықтады. Ол тек комаға түскен болып шықты.

    Науқас дереу Жалилабад аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған «механикалық асфиксия» диагнозын қойып, қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Өткен жылдың желтоқсан айында болған Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы үшін өтемақыны толығымен төледі, деп хабарлайды Malim.kz. 

    Сондай-ақ ресейлік компания мерт болған және аман қалған жолаушыларға төлем төлеуді бастады. Бұл туралы компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді. 

    Ұшақ үшін төлем ақпан айында толық көлемде жасалды, – деді ол.

    Алайда өтемақы мөлшері қанша болғаны айтылмады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шамамен 25-30 миллион доллар болуы мүмкін

  • Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек

    Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек

    Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа бермекші. Бұл туралы Әзербайжанның «АПА» ақпарат агенттігі хабарлады.

    Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға «біржақты пікір беруді» жалғастырып жатқанына наразы.

    Баку «ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға Ресейдің қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр» деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік «Бук» зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып құлатқан малайзиялық Boeing 777 жолаушы ұшағы апатын еске түсіреді.

    AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды «АПА» агенттігі. Әзербайжан тарапын Мәскеудің «тергеуді басқа бағытқа бұруға және кінәні экипажға артуға» деген талпынысы қынжылтады дейді басылым.

    Ресми Баку «Ресеймен диалогқа есік ашық. Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек», – деді.

  • Әзербайжан ресейліктердің елде болу мерзімін қысқартты

    Әзербайжан ресейліктердің елде болу мерзімін қысқартты

    Қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтары мен Ресейде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Әзербайжан Республикасына визасыз тәртіпте келген жағдайда, елде бір күнтізбелік жыл ішінде 90 күннен артық бола алмайды.

    Шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Бұған дейін ел президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресей Әзербайжан халқынан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындап, өтемақы төлеуі керек деп мәлімдеген.

    25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.