Метка: Баку-Грозный бағыты

  • Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатады

    Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатады

    Qazaq Air әуекомпаниясы биылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр екенін мәлімдеді.

    Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта Qazaq Air тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады, – делінген хабарламада.

    Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.

    Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.

  • Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Премьер министрдің орынбасары Бозымбаевтың айтуынша біржолғы көмек – 5 млн теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтуныша жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз.

    «Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша 257 мың теңге», –деді Сарбасов.

  • Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы кінәлі ме?

    Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы кінәлі ме?

    Әзірбайжандық үкіметтік көздер Euronews-ке Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болғанын растады. 

    Дереккөздің мәліметінше, зымыран 8432 рейсіне Грозный үстінде ұшып бара жатқан кезде атылған, оның қалдықтары ұшақтың жолаушылары мен экипажын зақымдап, ұшақтың қасында жарылған.

    Үкіметегі дереккөздердің айтуы бойынша, ұшақтың Ресейдегі әуежайларда қонуына тыйым салынғанын және ұшқыштардың мәжбүрлі қонуға өтініш жасағанына қарамастан рұқсат бермеді. Экипаж мәжбүрлі түрде Каспий теңізі үстімен Ақтауға бет бұрды.

    Слонымен қатар, ұшақтың теңіз үстінен ұшқанда GPS-навигациясы жол бойы бұғатталды.

  • Ұшақ апатынан зардап шеккен 11 адам реанимацияда жатыр

    Ұшақ апатынан зардап шеккен 11 адам реанимацияда жатыр

    Ақтаудағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 11-і реанимацияда жатыр,.

    Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген пациенттер әртүрлі жарақаттармен, атап айтқанда: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шокпен түсті.

    26 желтоқсанда таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13-і травматология бөлімшесінде, 2-еуі нейрохирургия бөлімшесінде, 1-еуі хирургия бөлімшесінде ем алды. Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11-і ауыр жағдайда, 14-і орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда. 11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдайды. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізіліп, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды, – делінген министрлік хабарламасында.

    Ведомство өкілдері зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті.  Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

    Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген. Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.

  • Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады

    Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады

    Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағында тірі қалған бортсеріктің кім екені анықталды.

    Ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған еді. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. Әзербайжандағы БАҚ ауруханада жатқан бортсеріктің жағдайын білуге барғанда ол көз жасына ерік беріп, қатты жылаған. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.

    Бұның алдында ұшақ апаты кезінде жолаушыларды соңғы демі қалғанша қолдаған Хокума Әлиеваның ерлігі жайлы айтылды.

    Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін Әзербайжанда Аза тұту күні.

  • Ресей ұшақ апатынан аман қалған 9 азаматын алып кетті

    Ресей ұшақ апатынан аман қалған 9 азаматын алып кетті

    Бүгін Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан аман қалған тоғыз азаматын арнайы бортпен еліне алып кетті.

    Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі де, Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі де ақпарат таратты.

    Маңғыстау облысының әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тоғыз адам әртүрлі жарақат алған. Олардың бәрін әуежайға жедел жәрдем көлігі жеткізген. Жаралы адамдарды шығарып салуға Ақтау қаласының әкімі, қала ақсақалдары мен жастары келген көрінеді.

    Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі берген мәліметке сүйенсек, тоғыз адамның біреуі – бала. Оларды Ил-76 ұшағы алып барады.

  • Апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағына оқ атылған ба?

    Апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағына оқ атылған ба?

    Әлеуметтік желіге Ақтау маңында құлаған Embraer 190 ұшағының артқы бөлігінің шұрық-тесік екені көрсетілген видео тарады. 

    Бұл видеоға қатысты Қанат Бозымбаев:

    – Қазір ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге криминалист-сарапшылар және авиация әкімшілігінен осындай әуе оқиғаларын зерттейтін мамандар да келді. Олар қылмыстық іс аясында барлық дәлелдерді жинап, қажетті сараптамаларды жүргізеді және апаттың себебін анықтайды. Қара жәшікті шифрлау және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Әрине, барлығын жариялаймыз, – деді.

  • Мас күйде көлік тізгіндеген депутат қамауға алынды

    Мас күйде көлік тізгіндеген депутат қамауға алынды

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында мас күйде көлік тізгіндеп, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен депутат 17 тәулікке қамауға алынды.

    Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты 23 желтоқсанда алкогольді ішімдік ішіп «NissanTeana» маркалы автокөлік тізгініне отырған. Оны полицейлер Қарасу ауылы Жексенбі көшесінде тоқтатқан.

    Депутат Ақжар ауылында орналасқан ауруханаға медициналық куәландырудан өтуге барғысы келмей, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

    Медициналық куәландыру жүргізушінің «орта» дәрежелі мас күйде болғанын көрсетті. Сот барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады.

     – Сот шешімімен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Мас күйде көлік жүргізу) және 667-бабы 1-бөлігі (полицейдің заңды талабына бағынбау) бойынша кінәлі деп танылып, 17 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – делінген аудандық сот үкімінде.

  • Рамзан Қадыров ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

    Рамзан Қадыров ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

    Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, Баку-Грозный бағытындағы J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде құлады.

    Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Әуе компаниясы апатқа ұшақтың бір топ құстарға соқтығысуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.

  • Ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29-ға жетті

    Ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29-ға жетті

    Azerbaijan Airlines әуе компаниясының «Баку-Грозный» бағытындағы ұшағы тұманға байланысты Грозныйға қона алмағаннан кейін Махачкалаға, одан әрі Ақтау қаласына бет алған.

    «Алдын ала мәлімет бойынша 29 адам аман қалды, оның 2-уі – бала, бәрі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда», – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Айта кетейік, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
    ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.