Метка: бала-бақша

  • Павлодарда тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққаны белгілі болды

    Павлодарда тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққаны белгілі болды

    Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің бүлдіршіндерге қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Жантүршігерлік жағдайды ата-аналар бейнебақылау жазбасынан байқап қалған.

    Балалардың құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, ата-аналар бастапқыда балалардың өзара қақтығысын көру үшін бейнежазбаларды сұратқан. Алайда олар камерадан тәрбиешінің өзі сәбилерді итеріп, шапалақтап, жерге лақтырғанын көрген.

    «2022 жылы туған балалар әлі сөйлей алмайды. Камера жазбаларында тәрбиешінің оларды ұрғаны анық көрінеді. Бұл бір топқа ғана тән емес», — деді Шәкенева.

    Ата-аналар дереу полиция мен білім бөлімінің өкілін шақыртқан. Барлығы 15-ке жуық ата-ана жиналып, өз шағымдарын білдірген. Видеожазбалар негізінде Қылмыстық кодекстің 140-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, ресивер тәркіленген.

  • Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Желіде тараған видеода бірнеше баланың терезеден шығып, шатырда жүргені көрінеді. Оқиғаға байланысты облыстық полиция түсініктеме берді.

    Балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ал қауіпсіздік талаптарын сақтамаған қызметкер жұмыстан босатылған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.