Метка: Балалар уланды

  • Бейнеуде 11 оқушы астан уланып ауруханаға түскен

    Бейнеуде 11 оқушы астан уланып ауруханаға түскен

    Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының мектебінде 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түскен. Балаларды дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберген, деп хабарлайды Lada.kz сайты.

    Оқиға 1 сәуірде болған. Дереккөзге сүйенсек, 9-12 жас аралағындағы 11 баланың жүрегі айнып, құсқан, әлсіздік сезінген.

    «Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйлеріне қайтарған. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, қазір амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлайды дереккөз.

     

  • Ақтөбеде оқушылар тәттіден уланды

    Ақтөбеде оқушылар тәттіден уланды

    Ақтөбе облысы Қобда ауданында оқушылар тәттіден уланды. Қазір 9 бала ауруханада жатыр.

    Оқиға 18 ақпан күні болды. Бір оқушы мектепке тәтті апарып, сыныптастарымен бөліп жеген. Кейін оның кері әсері болған.

    «Барлығы 23 бала ауруханаға түсті. Сөздеріне қарағанда бір бала белгісіз бір тәттіні мектепке апарып жейді. Ол тәттіні 7 бала жеген. Өзге балаларда кер әсерін берді. Көздері жасаурады, денесі қышып, мазасызданды. Дәрігерлер тексеріп, барлығы 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кетеді. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады», – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, балалар жеген тәтті сараптамаға жіберілді. Әзірге кері әсер нақты болғаны белгісіз. Ал Қобдадағы мектеп директоры балалар білім ордасынан емес, дүкеннен сатып алған тәттіге уланғанын айтты.