Метка: Бас мүфти

  • Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі дүниеден өтті

    Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі дүниеден өтті

    Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Ратбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті. Бұл ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы растады.

    ҚМДБ мәліметінше, Ратбек қажы Нысанбайұлы еліміздегі діни басқару жүйесінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі болды.

    1990 жылы Қазақстан қазияты Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп, дербес Қазақстан мұсылмандарының муфтияты құрылды. Кейін бұл құрылым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы деп аталды. Аталған ұйымның алғашқы басшысы болып Ратбек Нысанбайұлы тағайындалды.

    Ратбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылғы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген.

    Ол әр жылдары Қазақстан қазиятының қазиі (1979–1990), сондай-ақ Қазақстанның Бас мүфтиі (1990–2000) қызметтерін атқарып, елдегі діни тұрақтылық пен рухани дамуға үлес қосты.

    Ратбек қажы Нысанбайұлы Құран Кәрімді қазақ тіліне аударуға (У. Қыдырханұлымен бірлесіп) атсалысқан, сондай-ақ ислам дініне арналған бірқатар еңбектердің авторы.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол діни-рухани саладағы еңбегі үшін және 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат» орденімен марапатталған.

  • Діни басқарма ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады

    Діни басқарма ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады

    Муфтият жариялаған видеода еліміздің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ-ның үклкен күнә әрі ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік екенін айтты.

    «Мұсылмандар діни басқармасы өз тарапынан арнайы пәтуа шығарды және ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл әрине біздің ұлттық құндылығымзыға , салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние. Өкіншіке қарай, батыс елдерінде келіп жатқан қазіргі таңда, біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде әрине бұған біз қарсымыз. Өйткені бұл ашық арсыздық дүние, үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», – Наурызбай қажы Тағанұлы.

  • Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.

    «Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.

    «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.

    Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.

  • Қазақстанның Бас мүфтиі сайланды

    Қазақстанның Бас мүфтиі сайланды

    Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды.

    Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлады.

    ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында: «Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын», – деді.