Метка: Баспана

  • Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бір сәтте бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді.

    Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

    Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.

  • Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды

    Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды

    Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл бастама тұрғын үй алуда көмекке мұқтаж халықтың неғұрлым осал санатын қолдауға бағытталған.

    Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі. Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:
    1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
    2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    4. Көпбалалы отбасылар.

    Жаңа ережеге сәйкес, сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.

    Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар «Kezekte.kz» сайтындағы («Amanat» сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады. Қажетті құжаттар:

    1.  Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);
    2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.

    Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады, бұл тұрғын үй көмегін алуды жылдам әрі қолжетімді қылады.

    Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді.