Метка: Басты оқиғалар

  • Әзербайжанның тағы бір ұшағы Бакуге шұғыл түрде қонды

    Әзербайжанның тағы бір ұшағы Бакуге шұғыл түрде қонды

    Ресейдің Минеральные Воды қаласына ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Бакуге қайтып келді.

    Azerbaijan Airlines компаниясы бұл шешім Махачкала үстіндегі әуе кеңістігінің жабылғаны туралы NOTAM хабарламасын алғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді.

  • Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

    Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

    ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.

    Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді.

    Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп жоспарланып отыр.

  • 2025 жылдан бастап әуе рейстерінің бағасы арзандайды

    2025 жылдан бастап әуе рейстерінің бағасы арзандайды

    Келер жылдан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді жүзеге асырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

    «Қазақстандықтар мен ел қонақтары үшін 7 бағытта арнайы тарифтер белгіленді. Бұл қадам аймақаралық әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған», – делінген хабарламада.

    Әуе компанияның мәліметінше, субсидияланған тарифтер келесі бағыттар бойынша орындалады:

    • Астана – Павлодар – Астана (аптасына 4 рет): 15 000 теңге;
    • Астана – Петропавл – Астана (күн сайын): 15 000 теңге;
    • Түркістан – Қостанай – Түркістан (аптасына 2 рет): 31 000 теңге;
    • Түркістан – Қарағанды – Түркістан (аптасына 2 рет): 20 000 теңге;
    • Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған (аптасына 4 рет): 10 000 теңге;
    • Жезқазған – Шымкент – Жезқазған (аптасына 3 рет): 18 000 теңге;
    • Алматы – Көкшетау – Алматы (аптасына 3 рет): 33 000 теңге.

    Артықшылықтары: 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ, ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ешқандай қосымша ақы алынбайды.

  • 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

    2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды,

    Айта кетсек, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысты. 496,2 мың адам жұмыспен қамтылып, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

    Субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 32,2 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 108,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 417 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды.

    Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.

    Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

    Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

    Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.

  • Сара Назарбаева өмірден өтті ме?

    Сара Назарбаева өмірден өтті ме?

    84 жасына қараған шағында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы дүниеден озды деген ақпарат жалған болып шықты. 

    Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қаза тапқанын жоққа шығарды.

    «Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», – деп жазды ол өзінің X парақшасында.

    Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сара Назарбаева жеке өмір сүреді және көпшілік алдына сирек шығады. Ол бірнеше рет адамгершілік, қоғамдық құндылықтар және әлеуметтік жауапкершілік туралы пікір білдірген.

  • Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

    Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

    2024 жылғы 27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 300 шақырымдай жерде жер сілкінісін тіркеді.

    Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша 07:34 минутта жер сілкінісін тіркеді.

    Жер сілкінісінің ошағы Қытайдан 277 шақырым жерде орналасқан. Алматының оңтүстік-шығысында.

    Магнитудасы 4,4 болды.

    Энергетикалық класс K=10,2.

  • Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатады

    Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатады

    Qazaq Air әуекомпаниясы биылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр екенін мәлімдеді.

    Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта Qazaq Air тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады, – делінген хабарламада.

    Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.

    Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.

  • Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Манмохан Сингх қайтыс болды

    Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Манмохан Сингх қайтыс болды

    Манмохан Сингх Үндістанның ең жылдам дамып келе жатқан державалардың біріне айналуына мүмкіндік берген либералды экономикалық реформалардың сәулетшісі болып саналады.

    Үндістан 1990 жылдардың басында банкроттық алдында тұрды. Манмохан Сингх салықты төмендетіп, рупияны құнсыздандырды, мемлекеттік компанияларды жекешелендіріп, шетелдік инвесторларды шақыра бастады.

    Қабылданған шаралар экономиканы жандандырды, өнеркәсіп өндірісінің өсуіне түрткі болды және инфляцияны тежеді. Үндістандағы экономикалық өсім 1990 жылдардан бері тұрақты жоғары болып қалып отыр.

    Сингх премьер-министр қызметін 2004-2014 жылдары атқарды, оған дейін 1991 жылдан бері қаржы министрі болып жұмыс істеген.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мамандары тергеуге қатыстырылмайды

    Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мамандары тергеуге қатыстырылмайды

    Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен брифингте Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың құлауына Ресей ракетасының қатысы туралы сөз қозғады.

    Брифингте Бозымбаев Embraer өндірушісі мен халықаралық авиация комитеті ертең Ақтауға келетіндігін айтты. Сонымен қатар, ұшақ қалдықтар жиналған жоқ, бұл тергеу үшін қойылған талап екендігін жеткізді.

    Қанат Бозымбаев зымыран соққысына қатысты сұраққа да жауап берді. Ол кешегі сөзін қайталап, бәрі сарапшылардың қолында екенін атап өтті.

    «Біз ешбір нұсқаны растамаймыз және жоққа да шығармаймыз, тергеу жалғасуда», – деді вице-премьер.

    Сонымен қатар, Бозымбаев әлемдік БАҚ-та атқылау туралы не айтылып жатқандығына да тоқталды.

    «Иә, шынымен де қазіргі уақытта бірнеше сараптама, соның ішінде зерттеулер тағайындалған. Нәтижелер алынбайынша қандай да бір пікір айту немесе қорытынды жасау мүмкін емес», – деді Бозымбаев.

    Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстанның ресми нұсқасы жоқ екендігін және  Әзірбайжан мен Ресей де өз нұсқаларын Қазақстанға ұсынбаған.

    Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге қатыстырылмайды (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес), бірақ авиациялық оқиғаға қатысты тергеуге қатыса алады.

    Сондай-ақ, Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдары (ҚР қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес), криминалистік тергеуге қатыстырылмайды. Бірақ, авиациялық оқиғаға қатысты тергеуге қатыса алатындығын айтты.

  • Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Ұшақта қаза болғандардың отбасына қанша төлемақы беріледі?

    Премьер министрдің орынбасары Бозымбаевтың айтуынша біржолғы көмек – 5 млн теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтуныша жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз.

    «Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша 257 мың теңге», –деді Сарбасов.