Метка: Басты жаңалықтар

  • Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы шағым түсірді

    Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы шағым түсірді

    Сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек Айтбек Амангелді бұл жолы арызды Жоғарғы сотқа берген.

    Айта кетейік, былтыр тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты сотқа беріп, 1,5 млрд теңге моральдық өтемақы талап еткен болатын.

    Қыркүйекте сот Бишімбаевтан 10 млн теңге өндірді. 27 қарашада Астана қалалық соты апелляциялық инстанцияда бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

  • Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады, ал заң бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

    Қазіргі уақытта ел бойынша 8527 мопед ресми тіркелген. Тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға барып, жеке куәлік, техникалық құжат (немесе техникалық сипаттамалар), өтініш және мемлекеттік баж төлемдерін рәсімдеу қажет.

    Не керек?

    • Жеке куәлік (электронды нұсқасы жарайды)
    • Техникалық құжат немесе мопедтің сипаттамасы
    • Өтініш толтыру
    • Мемлекеттік баж салығын төлеу

    Тіркеуді кейінге қалдырмаңыз! Заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, жағымсыз салдардан аулақ болыңыз.

  • Шерзат Болаттың отбасы Айтбек Амангелді бастаған адвокаттардан бас тартты

    Шерзат Болаттың отбасы Айтбек Амангелді бастаған адвокаттардан бас тартты

    Мұны адвокат Саида Тәукелева хабарлады. Ол осы шешімге байланысты Қаржаубай Нұрымовпен ертең кездесетінін жеткізді.

    18 наурызда Айтбек Амангелді баспасөз-конференциясында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттардан бас тартқанын айтты.

    Айтбек Амангелді бір күн бұрын Шерзаттың туыстарымен кездескенін айтты. Кездесуде Шерзаттың әжесі Гүлбар және белгісіз бір әйел болған.

    Адвокаттар сот жақындағандықтан, жәбірленушілерді жауап алуға дайындау керек деп шешкен. Дәл сол кезде Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттардан бас тартқаны туралы жаңалықты естіген.

    «Осы кездесуден кейін екі сағаттан соң маған Қаржаубай хабарласты. Ол біздің адвокаттардың бәрінен сенімхаттарын қайтарып алатынын айтты. Басқа адвокаттарды таппақшы. Біз бұл әрекетке реакция білдірмедік, себебі Қаржаубайдың мінезін білеміз. Не болатынын көреміз. Кейінгі күндері белгілі болған ақпараттарға қарағанда, іске бес жаңа адвокат кіріседі. Біз үшін негізгі сұрақ – бұдан кейін не болатыны», – деді ол.

    Адвокат осы уақытқа дейін істелген  жұмыстың осылай аяқталғанына реніш білдіріп, бірлесіп жұмыс істеген әріптес адвокаттарына алғыс білдірді. Сонымен қатар 60 томнан тұратын қылмыстық істі оқып шығуға аз уақыт, аз күш кетпегенін де айтты.

    «Қаржаубайдан себебін сұрағанымызда «бұл телефонмен айтыланын әңгіме емес, ертең кездесіп барлығын айтып беремін» деп қысқа қайырды. Қаржаубай 15 тәулік уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде ешкіммен сөйлескісі келмейтінін айтқан болатын. Біз де отбасының жанында болып өз-өзіне келіп алсын деп уақыт берген болатынбыз. 18 қаңтардан кейін Қаржаубайды бүгін көрдік. Қазіргі таңда Қаржаубайдың отбасымен білікті психологтар жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта бұл істі кім алса да сәттілік тілейміз», – деп жауап берді Айтбек Амангелді.

    Істің сотта қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жақын күндері сотқа берілетінін хабарлаған болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

  • Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

    Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

    Бұл жаңа құралды ҚР Ұлттық банкі іске қосып, AIX биржасында саудалауды бастады.

     Gold Coin қалай жұмыс істейді?
    • 1 Gold Coin = 1/20 трой унциясы алтын
    • Бағасы LBMA әлемдік котировкалары мен доллар бағамына негізделеді
    • Tabys қосымшасы арқылы сатып алуға, сатуға және сыйға тартуға болады
    • 20 Gold Coin жинағандар оны Ұлттық банктің филиалдарында физикалық ÚKI монетасына айырбастай алады

    Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл инвесторларға алтынды цифрлық және физикалық форматта сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ алтынға инвестиция жасауды бұрынғыдан да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.

  • Путин мен Трамптың сөйлесуі екі жақтың бастамасымен өтеді – Песков

    Путин мен Трамптың сөйлесуі екі жақтың бастамасымен өтеді – Песков

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы екі ел басшылары әңгімесінің қорытындысы баспасөзге хабарланатынын айтты.

    Владимир Путин мен Дональд Трамптың алдағы әңгімесі екі жақтың да бастамасымен өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігінің сауалына жауап берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Ол екі ел басшылары әңгімесінің нәтижесі туралы баспасөзге хабарланатынын атап өтті.

    – Бұл өзара келісім. Біз қалай болатынын әлі шешкен жоқпыз, бірақ міндетті түрде хабар таратамыз, – деп сендірді ол.

    Песков бұған дейін Путин мен Трамптың сөйлесуі 18 наурызға жоспарланғанын айтқан болатын. Ол әңгімелесу қанша қажет болса, сонша уақытқа созылатынын жеткізген.

  • Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева мәдени ынтымақтастықты талқылады

    Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева мәдени ынтымақтастықты талқылады

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, тараптар мәдени-гуманитарлық әріптестікті нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

    Сапар аясында олар «Лазги. Танец души и любви» қойылымын тамашалап, Орал Таңсықбаевтың көрмесіне қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша мәдени ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

  • Астанада ақылы тұрақтар мемлекет бақылауына өтеді

    Астанада ақылы тұрақтар мемлекет бақылауына өтеді

    Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, келісімге қол қойылып, жазға дейін бұл жүйе толық мемлекеттік бақылауға өтеді.

    Қазіргі таңда өткізу процесі жүріп жатыр. Реформа аясында камералар орнату, жаңа басқару жүйесін енгізу және көліктерді эвакуациялау қарастырылған. Бұл өзгерістер әсіресе кептелісі көп аудандарда жүзеге асырылады.

    “Бірінші кезекте халық көп жүретін аймақтар реттеледі. Камералар орнатылып, тұрақ ережелерін бұзған көліктер эвакуацияланады. Ақылы тұрақтарды мемлекеттік компания басқаратын болады”, – деді Өтебаев.

  • Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясының алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. 

     Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

    Тергеудің мәліметінше 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған. Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.

    Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

  • Екібастұзда полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды

    Екібастұзда полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды

    Павлодар облысы ПД МКҚБ қызметкерлері “Клен” бау-бақшасындағы үйдің шатырынан түтін байқайды.

    Олар төтенше жағдайды көрген бойда дереу көмекке ұмтылып, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақырады. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, үйде ешкімнің қалмағанына көз жеткізеді. Сонымен қатар, құжаттар мен бағалы заттарды алып шығуға көмектеседі.

    Полицейлердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында тұрғындар аман қалды, ешкім зардап шеккен жоқ.

  • Қазақстанда USAID қызметі тексеріледі

    Қазақстанда USAID қызметі тексеріледі

     2024 жылы Сыртқы істер министрлігі USAID қызметін егжей-тегжейлі зерттейтін, қаржы бөлінетін жобаларды, олардың мақсаттары мен нәтижелерге сәйкестігін талдайтын жұмыс тобын құрды.

    «Атап айтқанда, USAID-тің елдегі стратегияларына зерттеу жүргізіледі. USAID-тің басқа ұйымдармен, соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы USAID мақсаттарына ықтимал әсерін бағалау үшін зерттеледі. Сонымен қатар, жасырын схемаларды, қаражатты пайдаланудағы сәйкессіздіктерді және мүдделер қақтығысын анықтау үшін қаржылық талдау қажет», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

    АҚШ Мемлекеттік департаментінің ҚР Сыртқы істер министрлігіне берген мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы екіжақты келісімдер аясында USAID қатысуымен 28 ұзақ мерзімді бағдарлама жүзеге асырылған. 2023–2024 жылдары агенттік экономика, энергетика, денсаулық сақтау, азаматтық қоғам және БАҚ салаларындағы жобаларға 26,5 миллион доллар бөлді. Кейбір бағдарламалар тек Қазақстанды ғана емес, Орталық Азияның басқа да елдерін қамтиды.