Метка: Басты жаңалықтар

  • Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда: ЕАЭО келісімі не береді

    Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда: ЕАЭО келісімі не береді

    Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinforn-ға сілтеме жасап.

    Құжатқа сәйкес, тауар номенклатурасының 90 пайыздан астамы бойынша бажсыз сауда режимі енгізіледі. Кейбір сезімтал тауарлар үшін импорттық кедендік баждарды кезең-кезеңімен төмендету қарастырылған, өтпелі кезең үш жылдан 15 жылға дейін созылады.

    Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінің Индонезия нарығындағы орташа кедендік баж мөлшерлемесі 10,2 пайыздан 2 пайызға дейін төмендейді.

    Министрліктің мәліметінше, бұл қадам қазақстандық ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің Индонезия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасайды.

    Келісімде сауда қорғаныс шаралары, тауарлардың шығу тегі, кедендік ынтымақтастық, техникалық және санитарлық талаптар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ электронды сауда және экономикалық әріптестік мәселелері қамтылған.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 300,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға жоғары. Қазақстаннан экспорт 26,8 пайызға өсіп, 120,8 млн долларды құраса, импорт көлемі 6 пайызға төмендеді.

    Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдері арасындағы саудада әкімшілік кедергілерді толық жою қажеттігін атап өткен болатын.

  • Шымкентте заңсыз онлайн-құмар ойын тоқтатылды

    Шымкентте заңсыз онлайн-құмар ойын тоқтатылды

    Шымкент қаласының Қаржы мониторингі департаменті заңсыз онлайн-құмар ойын ұйымдастырған топтың қызметін әшкереледі. Күдіктілер екі жыл бойы TikTok және YouTube желілеріндегі «TauBrat» парақшасы арқылы «Тринька» ойынын тікелей эфирде өткізген, деп хабарлайды Sona.kz Afm.kz-ке сілтеме жасап.

    Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін олар «дроптарды» пайдаланып, банктік карталарды рәсімдеп, қаражатты қолма-қол айналымға шығарған.

    Тергеу мәліметтері бойынша жалпы табыс 93 миллион теңгеден асты. Осы қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және жер учаскесіндегі тұрғын үйді сатып алған.

    Сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.

    Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

    Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат жарияланбайды. Тергеу амалдары жалғасуда.

  • Жетісу облысында әйел мысықты кір жуғыш машинасына салып, «пранк» жасаған

    Жетісу облысында әйел мысықты кір жуғыш машинасына салып, «пранк» жасаған

    Жетісу облысында бір әйел мысықты кір жуғыш машинасына салып, оны қосып, видеоны WhatsApp-та статусына жариялаған. Жазба желіде тез таралып, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Sona.kz Qumash-қа сілтеме жасап.

    Полиция дерегінше, әйел бұл әрекетті қызына арналған «пранк» деп түсіндірген: барабан бір рет қана айналған және су пайдаланылмаған.

    Мысық зардап шекпеген  оны мамандар тексеріп, жануардың жағдайы жақсы деп хабарланды.

    Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

    Threads әлеуметтік желісінің пайдаланушылары e-Otinish платформасы арқылы көп мөлшерде шағым жолдап, кінәліге шара қолдануды талап етті.

    Оқиға қоғамда кең резонанс тудырып, жануарларға қасақана залал келтірмеудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

  • Қазақстанда онлайн-сервистер арқылы жүк ұрлығы: жаңа алаяқтық схемасы

    Қазақстанда онлайн-сервистер арқылы жүк ұрлығы: жаңа алаяқтық схемасы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды онлайн-платформалар арқылы автомобильдер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде алаяқтық жағдайлары туралы ескертті. Зардап шегушілер қатарында тапсырыс берушілер мен автокөлік жүргізушілері бар, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметі бойынша, тасымалдау туралы хабарландырулар көбінесе Della және Fa-Fa.kz сервистерінде жарияланады. Негізгі бағыттар – Алматы мен Алматы облысынан Қазақстанның басқа аймақтарына.

    Хабарландыру жарияланғаннан кейін, тапсырыс берушілер мен жүргізушілерге WhatsApp арқылы алаяқтар хабарласады. Тапсырыс берушілерге олар жүргізуші ретінде, ал жүргізушілерге – клиент ретінде таныстырылады. Екі тараптың да сеніміне кірген соң, алаяқтар тасымалдау туралы келісімге келеді.

    Содан кейін, қаладан шыққан кезде, қылмыскерлер ұрланған автокөлік немесе жүкті қайта тиеп, оны өз еркімен пайдаланады.

    Осыған байланысты ІІМ азаматтарға сақтық шараларын сақтауды ұсынады: жүргізушінің жеке куәлігін және көліктің құжаттарын мұқият тексеру, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірімен сәйкестендіру, маршрут пен жеткізу нүктесін алдын ала жеке талқылау, сондай-ақ жүргізуші туралы интернеттегі пікірлерді қарау.

    «Егер күмән туса, құжаттарда сәйкессіздік анықталса немесе басқа да күдікті жағдайлар байқалса, қызметті пайдаланудан бас тартып, дереу 102 телефонына хабарласыңыз немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгініңіз. Бұл алаяқтық схемаларды уақытында анықтауға және қылмыскерлерді жауапкершілікке тартуға көмектеседі», – делінген ІІМ хабарламасында.

  • Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салды

    Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салды

    Актөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмагамбетов 46 жасында өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесі 20 желтоқсан күні сағат шамамен 21:00-де үйінен табылды, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.Today-ге сілтеме жасап.

    Ресми емес ақпаратқа сәйкес, трагедия болған күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі бұл қайғылы оқиғаны растады.

    «Денесі тұрғылықты мекен-жайынан табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізілуде. Оның артында балалар қалды», — деді Темір ауданының әкімі Алмас Жаксылыков.

    Еркін Далмагамбетовтің екі некеден туылған алты баласы бар. Ол былтыр маусым айынан бері Темір қаласының әкімі қызметін атқарып келген және бұрын мемлекеттік қызмет жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    Актөбе облысы полиция департаменті оқиғаның себептерін анықтап жатқанын хабарлады, қосымша ақпарат жарияланбайды.

    Айта кетейік, бұған дейін Актөбе облысы Алгин ауданының Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталин де өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған еді.

  • Алматыда жалға алынған пәтерді қан басты

    Алматыда жалға алынған пәтерді қан басты

    Алматыда пәтер иесі жалға берілген үйін тексеруге келгенде шошып кетті: жиһаз аударылып, қабырғалар, еден және интерьер заттары қанға боялған, деп хабарлайды Sona.kz Egov.kz-ке сәлтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде видео жарияланып, оқиға шын мәнінде «қырғын» сияқты көрінді, пайдаланушылар өлім жағдайы орын алды деп болжады.

    Алайда Алматы полициясы тексеріс жүргізіп, пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын хабарлады.

    Оқиға Бостандық ауданының бір пәтерінде алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырған екі әйел арасында орын алған.

    Ведомство мәліметіне сәйкес, бір әйел сынған шыны бөтелкемен абайсызда жарақат алып, аяқтан кесілген. Қанның көп болуы дәл осы жарақатқа байланысты.

    Олармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде түсіндірулер жасалған.

  • Алматыда ірі көлемде есірткі тәркіленді

    Алматыда ірі көлемде есірткі тәркіленді

    Алматы қаласында ҚР ІІМ үйлестіруімен полицейлер каннабис тобына жататын есірткі заттарын тасымалдау, сақтау және сату бойынша аймақаралық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Алматы мен Астана қалаларында жүргізілген арнайы және тергеу іс-шаралары барысында бірнеше күдікті ұсталды.

    Полицейлер есірткі заттарын, ақшалай қаражатты тәркіледі, сондай-ақ заңсыз заттарды сақтау үшін қолданылған жасырын орындар анықталды.

    Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 16 килограмнан асты, бұл аса ірі көлемге жатады.

    Алматы қаласының есірткі қылмысына қарсы басқармасының бастығы Мурат Жумабаев бұл іс аймақаралық жеткізу арнасымен байланысты екенін атап өтті. Мұндай қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіреді, сондықтан полицияның басты міндеті — тасымалдаудан бастап сату кезеңіне дейінгі бүкіл тізбекті анықтап, тоқтату.

    Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

  • 2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі

    2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлік алғашқы рет рәсімделген кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда тегін берілетін болады. Бұл туралы Sona.kz ҚР-ың Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республика бойынша шамамен 1,9 миллион жеке куәлік, 1,1 миллион Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және 303 мыңнан астам балалар паспорты берілген.

    Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, мемлекеттік баждан босату тек жеке куәліктің алғашқы берілуіне және оны жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін жоспарлы түрде ауыстыруға қатысты қолданылады.

    Сонымен қатар, жалпы құжаттарды рәсімдеу құны өседі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін ұлғаяды, бұл мемлекеттік баж мөлшерінің артуына әсер етеді.

    Атап айтқанда, 16 жасқа дейінгі балалар паспортының құны 17 300 теңгені, стандартты паспорт – 34 600 теңгені, 48 беттен тұратын паспорт – 51 900 теңгені құрайды. Жеке куәліктің ресми құны 865 теңге болғанымен, ол алғашқы рет берілгенде және мерзімі өткен соң ауыстырылғанда алынбайды.

    Ал егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалса, азамат 1 АЕК мөлшерінде, яғни 4 325 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуге міндетті.

  • Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды

    Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды

    Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды.

    Мереке балаларға арналған ертегілік қойылыммен басталып, кішкентай көрермендерге шаттық пен қуаныш сыйлады. Сахна төрінде өнер көрсеткен кейіпкерлер мен аниматорлар балақайлардың көңілін көтеріп, алаңды күлкі мен шаттыққа бөледі.

    Жиналған көпшілікті Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құттықтап, қала дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға алғысын білдірді

    «Баршаңызды жаңа жылдық шыршаны жағу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жылда бірлесе атқарған еңбегіміздің арқасында қаламызды дамытуға бағытталған маңызды жұмыстар жүзеге асты. Алдағы Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамалар әкелсін!» – деді шаһар басшысы.

    Қала әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, дәстүрлі рәсімге қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осы сәтте аспанды жарқырата отшашу атылып, мерекенің сәнін аша түсті.

    Кеш барысында сахнада жергілікті өнерпаздармен қатар танымал әншілер – Сырым Исабаев, Дана Кентай және Atlantis Live Band өнер көрсетті. Балалар аниматорлармен бірге ойын ойнап, мерекенің қызығына кенелді.

    Тұрғындар жарқыраған шамдармен көмкерілген шыршалар, әсем аркалар мен түрлі ойыншықтармен суретке түсті.

    Айта кетейік, биыл Қонаев қаласында орнатылған басты шыршаның биіктігі 20 метрді құрайды. Қаладағы орталық алаң, саябақтар мен негізгі көшелер жаңа жылдық нақышта безендірілуде.

  • Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

    Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

    Жаңа жыл қарсаңында қоныстой тойлайтындардың ішінде әлеуметтік осал топтағы жандар, жастар мен спортшылар, қоғам өміріне атсалысып жүрген азаматтар бар. Бұл пәтерлер тұрғындарға жекеменшікке берілді.

    «Қонаевта бірнеше жылдан бері тұрғын үй құрылысымен айналысып жатырмыз. Бүгін 12 адамға қуаныш сыйласақ, алдағы уақытта тағы да бірқатар тұрғынға пәтер сыйласақ деп жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздік күні мен келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!» – деді компанияның акционері Нұрғали Мылтықбаев.

    Сондай-ақ демеуші «Қапшағай Самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Марат Абдулдаевқа коммерциялық нысан сыйлады.

    Айта кетейік, соңғы екі жылда Қонаевта әлеуметтік осал топтағы 230-дан астам отбасыға мемлекеттен пәтер кілттері табысталды.