Метка: Басты жаңалықтар

  • Қостанайда 140 млн теңгелік алаяқтық ісі сотқа жіберілді

    Қостанайда 140 млн теңгелік алаяқтық ісі сотқа жіберілді

    Қостанай облысының прокуратурасы аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі Қостанай қаласының №2 сотына жолдады, деп хабарлайды Sona.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және жеткізу саласында жұмыс істеген ЖСШ басшысы 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және басқа да облыстардың кәсіпорындарымен жеткізу туралы келісімшарттар жасаған. Алайда ол келісім міндеттемелерін орындауды көздемеген.

    Айыпталушы контрагенттерді өнімнің қолжетімділігі және жеткізу мүмкіндігі туралы жалған ақпаратпен жаңылыстырып, алдын ала төлем қабылдаған. Келтірілген жалпы шығын 140 млн теңгеден асады. Нақты жеткізілімдер болмаған, логистика бойынша жалған деректер ұсынылған, ал түскен қаражат жеке мақсатта жұмсалған.

    Алаяқтық әрекеттерден 11 кәсіпорын зардап шеккен. Прокуратура бұл шығындардың айтарлықтай қаржылық салдарларға алып келгенін атап өтті.

    Айыпталушының әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес («ірі көлемде, бірнеше рет жасалған алаяқтық») сараланған. Санкция 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, мүлікті тәркілеуді және белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға өмір бойы тыйым салуды көздейді.

    Прокуратура жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және экономикалық саладағы қылмыстар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратынын хабарлады.

  • Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша күдіктілер іздестірілуде

    Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша күдіктілер іздестірілуде

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовты халықаралық іздеуге жариялады. Ресми деректерге сәйкес, іздеу ісі Талдықорғанда тіркелген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Айгүл Сайлыбаева  Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2024 жылғы 4 маусымда Германияның Бенсхайм қаласында жоғалып кеткен. Сол күні ол қызын балабақшаға апарып, кейін байланысқа шықпай қалған. Сағат шамамен 14:30-да баланы әжесі  Наталья Донцова  алып кеткен, ол да байланыссыз қалған.

    Бірнеше аптадан кейін Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхаймның шет аймағынан табылды. Тергеу мәліметінше, денеден зорлық белгілері мойын, бет және қол аймақтарындағы пышақ жарақаттары анықталған. Мәйіт полиэтилен қаптан табылған.

    Қазіргі уақытта қазақстандық және халықаралық құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіру мен істі тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

  • Алматыда RAMS CITY кешеніндегі өрт кезінде өрт сөндірушілер аулаға кіре алмаған

    Алматыда RAMS CITY кешеніндегі өрт кезінде өрт сөндірушілер аулаға кіре алмаған

    Алматыдағы RAMS CITY тұрғын үй кешенінде жер асты паркингіндегі өрт кезінде өрт сөндіру техникалары аулаға қойылған көліктердің кесірінен кіре алмағаны туралы тұрғындар айтты. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, аулада көліктер өте тығыз қойылғандықтан, мамандар подъездерге жедел жете алмаған, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Тұрғындар кешенде өрт дабылының істемегенін де сынға алды. Айтуларынша, төменге түскендерге ешқандай ескерту жасалмаған, ал кейбірі газдан уланып қала жаздаған.

    Әлеуметтік желі қолданушылары қаладағы көптеген тұрғын үйлерде осындай мәселе бар екенін атап өтті. Жолдарды дұрыс ұйымдастырмау төтенше жағдайлар кезінде үлкен қауіп төндіреді деген пікір айтылуда.

    Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері адамдарды дереу эвакуациялап, өртті тез арада ауыздықтағандарын хабарлады. Дегенмен тұрғындар аулада бос орынның болмауын және тұрақ ережелерінің сақталмауын сынға алуда.

    Көпшілік өз аулаларында да осындай жағдайдың бар-жоғын талқылап жатыр.

  • 1414 SMS-кодтары тоқтатылды: мемлекеттік сервистерге кіру ережелері өзгерді

    1414 SMS-кодтары тоқтатылды: мемлекеттік сервистерге кіру ережелері өзгерді

    Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық ресурстарға кіру үшін 1414 нөмірінен жіберілетін бір реттік SMS-кодтарды пайдалану ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Ақпараттық интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Шешім қазақстандықтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғау мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Министрліктің мәліметінше, бұрын SMS-кодты алу үшін азаматтың телефон нөмірін енгізу жеткілікті болған. Бұл алаяқтарға артық мүмкіндік берген. Сол себепті ақпараттық жүйе иелеріне қауіпсіздікті күшейту міндеттелді.

    Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланған жүйелерге қол жеткізу тек FaceID арқылы биометриялық тексеру, электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR арқылы мүмкін болады. Желтоқсаннан бастап жаңа талаптарды енгізбеген жүйелер SMS-қызметтен толық ажыратылды.

    Министрлік дербес деректерді қорғау және алаяқтықпен күрес шараларын жүйелі түрде жалғастырып жатыр. eGov Mobile қосымшасының басты бетіне кибергигиена ережелері мен күмәнді әрекеттерді анықтау жөніндегі ақпараттық баннерлер орналастырылған.

    Бұған дейін вице-министр Ростислав Коняшкин 1414 нөмірінің алаяқтық схемаларға қалай тартылғанын және азаматтардың қандай мәліметтерді ешкімге бермеуі керектігін түсіндірген болатын.

  • Қаруды сақтау талаптары қатаңдатылады

    Қаруды сақтау талаптары қатаңдатылады

    Қазақстанда қару иелеріне және жеке күзет ұйымдарына қатысты талаптар күшейтіледі. Мәжіліс күзет қызметі мәселелері бойынша түзетулер топтамасын екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасының мақсаты – қару айналымын мемлекеттік бақылауды арттыру және қауіпсіздік деңгейін көтеру, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Құжатқа сәйкес азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы қару иелері мемлекеттік гильза қоры қалыптастыру үшін бақылау атысынан өтуге міндеттеледі. Қызметі уақытша тоқтатылған жағдайда, қаруға ие заңды тұлғалар он жұмыс күні ішінде қаруды ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс.

    Түзетулер жеке күзет ұйымдарына жаңа міндеттер жүктейді. Олар уәкілетті органға тұрақты есеп беруі және қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлауы қажет. Күзет ұйымдарының филиал басшыларына да қарапайым күзетшілерге қойылатын біліктілік талаптары енгізіледі.

    Заң жобасы «әскери үлгідегі теміржол күзеті» ұғымын енгізеді. Бұл құрылым транзиттік бағыттардағы жүк пен теміржол нысандарын тәулік бойы күзетумен айналысады. Сонымен қатар күштік және арнайы органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі нақтыланады.

    Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі.

  • Астанадағы өрт: бейнежазбада подъезге сіріңке тастаған баланың әрекеті

    Астанадағы өрт: бейнежазбада подъезге сіріңке тастаған баланың әрекеті

    Астанада подъезддегі өрттің шығуына қатысты жаңа деректер жарияланды. Бейнебақылау камераларына қарағанда, өрт баланың сіріңкені подъезге тастауы салдарынан басталған.

    Оқиға 6 желтоқсан күні тіркелген. Тілсіз жау шыққан кезде тұрғындардың бір бөлігі баспалдақ алаңына жүгіріп шыққан. 6 адам оның ішінде 5-уі бала қою түтіннің ортасында қалып, улы газдан уланған.

    Қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер 11 жастағы қыздың өмірі үшін күресті, алайда алған улану деңгейіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады.

    Өрт сөндірушілер сол күні барлығы 46 адамды эвакуациялаған. Тілсіз жау қысқа уақыт ішінде ауыздықталды.

    Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеу органдары өрттің шығу себептерін және бейнежазбадағы баланың әрекеттерін толық анықтап жатыр.

  • Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге тауарды жеңілдетілген тәртіппен енгізу мерзімі ұзартылды

    Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге тауарды жеңілдетілген тәртіппен енгізу мерзімі ұзартылды

    Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Қырғызстаннан әкелінетін тауарларға арналған жеңілдетілген рәсімнің мерзімін 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, бұрын бекітілген 10 желтоқсан мерзімі 25 желтоқсанға дейін ауысты, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    Жарлыққа сәйкес, ресейлік заңды тұлғалар Қазақстан–Ресей шекарасы арқылы автокөлікпен тасымалданатын тауарларды:
    •Еуразиялық экономикалық одақ өнімдері мәртебесін растайтын құжаттарсыз,
    •алдын ала таңбаламай
    енгізе алады.
    Дегенмен, мұндай тәртіп бірқатар талаптар орындалған жағдайда ғана қолданылады:
    •тауарды тасымалдау және уақытша сақтау ресейлік алушылардың міндетінде болуы тиіс;
    •Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігіне тауар туралы міндетті түрде хабарлау қажет;
    •елге енгізілгеннен кейін барлық қажетті таңбалау жүргізілуі тиіс.
    Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін мұндай өнімдер қолданыстағы кедендік талаптарға сәйкес декларациялануы қажет. Ал Минпромторг тауар туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізеді.
    Еске сала кетсек, 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап ЕАЭО аумағында навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүк тасымалын бақылау жүйесі іске қосылады. Жаңа жүйе сақтандыру төлемдерін азайтуға және тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.
  • Алматыда “Алматы Су” кәсіпорнының 295 млн теңгелік техника сатып алуы тексерілуде

    Алматыда “Алматы Су” кәсіпорнының 295 млн теңгелік техника сатып алуы тексерілуде

    Алматыда коммуналдық кәсіпорын “Алматы Су” жүргізген арнайы техниканы сатып алу фактісі тексеріліп жатыр. Қоғамдық бақылау өкілдері техниканың нарықтағы бағадан төрт есе қымбатқа алынғанын айтып, Дэр-ге (Департамент экономических расследований) өтініш берген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, мониторинг барысында кәсіпорынның үш бірлік илосос және канал жуу жабдығы бар арнайы машинаны жалпы 295 344 000 теңгеге (бір данасы — 98 448 000 теңге) бір көзден  “Жалайыр-Групп” ЖШС-дан сатып алғаны анықталған.

    Алынған мәліметтерге сәйкес, дәл осындай жабдықтың кедендік құны  17 792 580 теңге, ал жалпы сипаттамалары бойынша нарықтық құны шамамен 22 747 778 теңгені құрайды. Қоғамдық бақылау өкілдері келтірілген ықтимал залал 200 млн теңгеден асуы мүмкін деп есептейді.

    Экономикалық тергеу департаментінің ресми жауабы

    Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұрағына берген жауапта Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті 8 қазан күні “Жалайыр-Групп” компаниясына қатысты ҚР ҚК 189-бабы (“Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу нәтижелері кейін жарияланады.

    “Алматы Су” компаниясындағы алдыңғы дау

    Бұған дейін кәсіпорынның капиталдық құрылыс департаментінің директоры кәсіпкерлерден 75 млн теңге талап еткен кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылған болатын.
    Алайда прокуратураның наразылығынан кейін үкім қайта қаралып, ол 5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынған.

  • Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

    Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

    Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан елімізге экстрадицияланды, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасы сілтеме жасап.

    Оқиға 21 ақпан күні болған. Сол күні кәсіпкер жұмысқа кетіп, байланысқа шықпай қалған. Осыған байланысты ол хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде тіркелген. Досудебелік тергеу барысында жәбірленуші сол күні Павлодар қаласында күдіктімен оның үйінің ауласында кездескені анықталды.

    Қаржылық келіспеушіліктер кезінде жанжал туындап, күдікті кәсіпкердің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін өз гаражына жасырған. Кейін ол Қазақстан аумағынан шығып, шетелге қашып кеткен. Наурыз айында ер адам Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  • «Қазақмыс» корпорациясы акционердің ауысатынын растады

    «Қазақмыс» корпорациясы акционердің ауысатынын растады

    «Қазақмыс» корпорациясы бақылауды жаңа акционерге беру процесінің басталғанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, келісім «Қазақмыс» президенті Владимир Ким мен Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың бірлескен шешімі бойынша қол қойылды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Кәсіпорын алдағы акционер ауысуының өндірістік және операциялық процестерге әсер етпейтінін атап өтті. Барлық жұмыс үдерістері қалыпты режимде жалғасады. Сонымен қатар қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жұмыс орындарының тұрақтылығы толық көлемде сақталады.

    Компания өкілдері бұл келісім бақылауды беру рәсімінің ресми басталу нүктесі екенін айтты. Қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.