Метка: байқау

  • ЖОО үздік оқытушысы атағына конкурс жарияланды

    ЖОО үздік оқытушысы атағына конкурс жарияланды

    Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурс жариялайды,.

    Бұл конкурс ең үздік педагогикалық тәжірибені анықтауға бағытталған және 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрыққа сәйкес өткізіледі.  Конкурсқа ҚР азаматтары, ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатыса алады. Қатысушының кемінде бес жылдық үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі болуы қажет.

    Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 1 қарашадан 11 қарашаға дейін жалғасады.

  • Министр Балаева жаңа байқау жарияланғанын хабарлады

    Министр Балаева жаңа байқау жарияланғанын хабарлады

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа байқау жарияланғанын мәлім етті.

     

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау басталғанын қуана хабарлаймын. «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы дарынды авторларға қолдау білдіріп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашуды мақсат етеді.Бұл байқау кәсіби шеберлігімен қажырлы қызмет етіп, елімізді дамытуға зор үлес қосып жүрген тұлғаларды ұлықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар және тағы басқалардың еселі еңбектерін көпке насихат етеді»,- деп жазды өзінің фейсбук парақшасында министр.

    Аида Балаеваның мәліметінше, байқаудың негізгі міндеті – бұл мамандықтардың ерекшелігін көрсету ғана емес, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, басынан кешкендерін, армандары мен күнде кездесетін қиындықтарын тағылымы мол туындыға айналдыру. Сол арқылы жас қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру.

    «Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді.

    Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 1 қазанында басталады. Аталған байқауға қатысу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз және елімізде еңбек пен кәсібилікті насихаттауға бірге атсалысыңыз.

    Барша қатысушыларға шалқар шабыт пен сәттілік тілеймін! Шығармаларыңыз еңбек адамына деген құрметке, ел мен жерге деген сүйіспеншілікке толы болсын!»,- делінген министр жазбасында.

     

     

  • Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге
    мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

    Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

    «Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады»,- делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.